Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
09.07.2020

Қызметтер

Исатай ауданы бойынша 2019 жылдың 12 айы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша ақпарат

Аудандық әкімдікте 7 ауылдық округ әкімінің аппараттары және 8 құрылымдық бөлімдер арқылы 85 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

2019 жылдың 12 айы бойынша барлығы 9567(2018 жылы-14032) мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы 1894 (2018 жылы – 4551) (халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы), «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы 6474 (2018 жылы-6703) қызмет(«egov.kz» порталы, ақпараттық жүйе арқылы), мемлекеттік органдарда 672 (2018 жылы - 2240 ) (стандарт бойынша қағаз түрінде көрсету), баламалы түрде көрсетілгені 527 (2018 жылы – 538) ("электрондық үкімет" веб-порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілгендер).

2019 жылдың 12 айында 88 түсіндіру жұмыстары жүргізілді, оның 49-сы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде мақала жарияланса, 39-ы жиналыс түрінде өткізілді. Жыл басынан бері мемлекеттік көрсетілетін қызметті ақпараттандыру мақсатында ауылдық округтерде 14 билборд ілінді. Ағымдағы жылы жоспар бойынша өткен қоғамдық кеңестің 2 отырысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәселелер қаралды.


Мақаланың шыққан күні: 13.03.2020 17:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.03.2020 17:56

Қаралым саны: 271