Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

"Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2018 жылдың І жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың І жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында аппарат өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативті құқықтық актілер қарастырылды.

Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары аппарат қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер (Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 ақпандағы №58 бұйрығы «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №15 бұйрығы «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, аппаратқа келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, аппарат бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, прокурорлық тексерулердің актілері, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.

Аппаратта мемлекеттік қызмет көрсету түрі.

Есепті кезеңде Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша барлығы 103 мемлекеттік қызмет көрсетілді олар:

1) Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 33;

2) Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру – 70;

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мерзімінен кешіктіру және қызмет алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына арыз шағымдар болған жоқ.

2018 жылдың І жартыжылдығы бойынша барлығы 1 өтініш қаралды (оның ішінде жеке тұлғадан 1).

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

Прокурорлық наразылық келіп түскен жоқ. Мемлекеттік сатып алулар бойынша заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

Есепті кезеңде аппарат қызметкерлері арасында 4 жиналыс өткізілді. Тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және болдырмау мақсатында «Пара беру – бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады!» тақырыбында 100 жаднама таратылды. Округ әкімшілігі ғимараты маңына «Параға емес, биікке ұмтыл» баннер орнатылды. Мекеменің көрнекі жеріне арыз-шағымдар жәшігі қойылып, 25-247 сенім телефоны орнатылды.

Есептік кезеңде Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

Округ әкімі Е.Дүйшім


Мақаланың шыққан күні: 21.06.2018 05:26

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.06.2018 05:26

Қаралым саны: 1049