Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

2018 жыл бойынша Бөдене ауылдық округі әкімдігінің көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпараты

Есеп, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы №193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген

2-қосымшаға сәйкес жасақталған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі болып табылады.

Бөдене ауылдық округі әкімі аппараты келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру», «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау», «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну».

Мемлекеттік қызметтер қағаз түрінде тегін көрсетіледі. Барлық қызметте стандарт пен регламент сақталған.

2018 жылдың қорытындысымен Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратында 63 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» - 9, «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» - 54. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мақсатында жеке қосалқы шаруашылықтары туралы мәліметтер электрондық базаға енгізілді. Есептік кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілері тіркелмеді. Ай сайын мониторинг және қадағалау, басқа да жоғары тұрған органдармен сұрақтар бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы жұмыс қамтылған.

2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметті ұсыну бойынша Бөдене ауылдық округі әкімі аппараты талдау және жинақтау жұмысын жүргізді, мемлекеттік қызмет көрсетуде бұзушылық болған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 23.01.2019 17:36

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.01.2019 17:36

Қаралым саны: 813