2020 жылғы 13 шілде — Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

«Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ақпарат | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.07.2020

Қызметтер

«Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың ІІ жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында аппарат өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативті құқықтық актілер қарастырылды.

Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары аппарат қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер (Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 21 ақпандағы №58 бұйрығы «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, ҚР ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №15 бұйрығы «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, аппаратқа келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, аппарат бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, прокурорлық тексерулердің актілері, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.

«Елтай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметшілердің штат саны-7, келісім шарт бойынша-7, теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандар, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар, мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынғандар жоқ.

Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы, мерзімінде өткізіліп отыр.

Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алған жоқ.

Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын басшылыққа ала отырып орындалады. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін мерзімдерін бұзып қарау немесе азаматтарды «әуре-сарсаңға» салу фактілеріне жол берілмейді. Округ әкімі бекітілген кестесіне сәйкес тұрақты негізде жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізеді.

Елтай ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген.

Аппаратта мемлекеттік қызмет көрсету түрі.

Есепті кезеңде Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша барлығы 45 мемлекеттік қызмет көрсетілді олар:

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою -45;

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру электронды түрде көрсетілді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мерзімінен кешіктіру және қызмет алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына арыз шағымдар болған жоқ.

2018 жылдың ІІ жартыжылдығы бойынша барлығы 9 өтініш қаралды (оның ішінде жеке тұлғадан 9).

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

Прокурорлық наразылық келіп түскен жоқ. Мемлекеттік сатып алулар бойынша заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы аппарат қызметкерлері арасында 5 жиналыс өткізілді. Тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және болдырмау мақсатында «Пара беру – бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады!» тақырыбында 200, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын түсіндіру аясында 250 жаднама таратылды. Округ әкімшілігі ғимараты маңына «Параға емес, биікке ұмтыл» баннер орнатылды. Мекеменің көрнекі жеріне арыз-шағымдар жәшігі қойылып, 25-247 сенім телефоны орнатылды.

Есептік кезеңде Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

 «Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі


Мақаланың шыққан күні: 24.01.2019 11:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.01.2019 11:40

Қаралым саны: 791