Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

«Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 2019 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ақпарат

«Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Индер ауданы Елтай ауылы,Жеңіс көшесі 20 үй. Тел, факс 8(71234) 2-25-19

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес,«Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында 2019 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бөбекжай-бақшасы өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік құқықтық актілер қарастырылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары кәсіпорын қызметін қозғайтын нормативтік –құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚРЗ,«Мектепке дейінгі балалар ұйымына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 шілдедегі №337 бұйрығы,Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы бойынша жасалды.

Кәсіпорын мекемесінде қызметкерлерінің штаттық саны-46, келісім шарт бойынша-4. Теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандар, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар болған жоқ.

Педагог қызметкерлер біліктілігін арттыру курстары мен семинарлардан уақытылы, мерзімінде өткізіліп келеді.

Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, бөбекжай-бақшасы қызметкерлері арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алған жоқ.

Мектепке дейінгі балалар ұйымына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру әдістемелік ұсынымдар бойынша «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес жүргізілді. Мемлекеттік сатып алулар бойынша заң бұзушылық болған жоқ.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөбекжай қызметкерлері арасында жиналыстар өткізілген.

 

«Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны


Мақаланың шыққан күні: 03.02.2020 13:03

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.02.2020 13:03

Қаралым саны: 130