Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.06.2017

Қызметтер

2016 жылғы 3 айдағы жергілікті қамтуды дамыту туралы ақпарат

Жүйе құраушы кәсіпорындарда, жер қойнауын пайдаланушы және мемлекеттік органдарда тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті үлесті дамыту бойынша Атырау облысы әкімдігімен белсенді жұмыстар атқарылуда.

 

Жүйе құраушы кәсіпорындар

Бүгінгі күнге облыс әкімдігімен жергілікті қамтуды дамыту бойынша 4 жүйе құрушы кәсіпорындарға мониторинг жүргізіледі:

  1. «Атырау Жарық» АҚ
  2. «Атырау ЖЭО» АҚ
  3. Консорцум «ISKER»
  4. «Ge Logistics» ЖШС

Жүйе құрушы кәсіпорындардың жергілікті қамтудың үлесі 2016 жылдың 3 айында 98,4%, тауар бойынша-98,5%, жұмыс – 100% пен қызмет – 68,6%.

 

Мемлекеттік сатып алу

Мемлекеттік сатып алу аясында 2015 жылдың 3 айында веб-портал арқылы жалпы сомасы 4723 млн.теңгеге келісім шарт қабылданған. Оның ішінде жергілікті қамтудың үлесі - 74,1%,  тауарлар бойынша -  67,9%, жұмыстар – 98,1% және қызметтер – 80,7%-ды  құрады.

 

Ұлттық компаниялар

2015 жылдың 3 айында «Самұрық – Қазына ҰӘҚ» АҚ-ң компаниясының топтары Атырау облысы бойынша жалпы сомасы 71,69 млрд. теңгені құрайтын келісімшартқа қол қойылды. Оның ішінде жергілікті қамтудың үлесі – 57,3%,  тауарлар бойынша -  67,9%, жұмыстар – 31,8% және қызметтер – 92,4%-ды  құрады.

 

Жерқойнауын пайдаланушылар

2015 жылдың 3 айында жерқойнауын пайдаланушылар Атырау облысы бойынша жалпы сомасы 738,55 млрд. теңге келісім шарт жасасқан. Оның ішінде жергілікті қамтудың үлесі – 30,3%,  тауарлар бойынша -  10%, жұмыстар – 31,1% және қызметтер – 38,3%-ды  құрады.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 11:08
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 11:08