Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.09.2017

Қызметтер

2017 жылдың 1 тоқсанындағы жергілікті қамтуды дамыту туралы ақпарат

Жүйе құраушы кәсіпорындарда, жер қойнауын пайдаланушы және мемлекеттік органдарда тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті үлесті дамыту бойынша Атырау облысы әкімдігімен белсенді жұмыстар атқарылуда.

2017 жылдың 1 тоқсанында жергілікті қамтудың үлесі - 27,8%, тауар бойынша - 18,3%, жұмыс–28,3% пен қызмет – 28,5%-ды құрайды. (2016 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда жергілікті қамтудың үлесі 6,7%-ға төмендеді, соның ішінде, тауарда 0,6%-ға төмендеді, жұмыста 3,4%-ға төмендеді, қызметте 9,8%-ға төмендеді.)

Жүйе құраушы кәсіпорындар

Бүгінгі күнге облыс әкімдігімен жергілікті қамтуды дамыту бойынша 4 жүйе құрушы кәсіпорындарға мониторинг жүргізіледі:

  1. «Атырау Жарық» АҚ

  2. «Атырау ЖЭО» АҚ

  3. Консорцум «ISKER»

  4. «Ge Logistics» ЖШС

2017 жылдың 1 тоқсанында Жүйе құрушы кәсіпорындардың жергілікті қамтудағы үлесі- 98,5%, тауар бойынша-98,3%, жұмыс – 100% пен қызмет – 100%-ды құрайды. (2016 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда жергілікті қамтудың үлесі – 0,1% - ға жоғарылады, соның ішінде тауарда – 0,2% төмендеді, жұмыста өзгеріссіз және қызметте – 31,4%-ға жоғарылады.)

Мемлекеттік сатып алу

Мемлекеттік сатып алу аясында 2017 жылдың 1 тоқсанында веб-портал арқылы жалпы сомасы 4,6 млрд.теңгеге келісім-шартқа қол қойылды, оның ішінде жергілікті қамту-12,6%, одан тауарлар бойынша – 22,1%, жұмыстар – 7,7% және қызметтер – 25,7%-ды құрады. (2016 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда жергілікті қамтудың үлесі – 61,5%-ға төмендеді, соның ішінде тауарлар – 23,6%-ға төмендеді, қызметте -90,4 және жұмыста– 55%-ға төмендеді.

Ұлттық компаниялар

2017 жылдың 1 тоқсанында ұлттық компаниялар мен холдингтер Атырау облысы бойынша жалпы сомасы 90,7 млрд. теңгені құрайтын келісімшартқа қол қойылды. Оның ішінде жергілікті қамтудың үлесі-45,1%, тауарлар бойынша - 19,7%, жұмыстар – 50,8% және қызметтер – 49%-ды құрады. 2016 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда жергілікті қамтудың үлесі – 12,2% - ға төмендеді, сондай-ақ, тауарда – 48,2% төмендеді, және қызметте – 19 %-ға жоғарылады және жұмыста – 43,4%-ға төмендеді.

Жерқойнауын пайдаланушылар

2017 жылдың 1 тоқсанында жерқойнауын пайдаланушылар Атырау облысы бойынша жалпы сомасы 813,1 млн. теңгеге келісім шарт жасасқан. Оның ішінде жергілікті қамтудың үлесі – 25,8%, тауарлар бойынша - 13,2%, жұмыстар – 24,3% және қызметтер – 27,3%-ды құрады. (2016 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда жергілікті қамтудың үлесі – 4,5%-ге төмендеді, сондай-ақ, тауарда – 3,2%- ға жоғарылады, жұмыста – 6,8% және қызметте – 5,7%-ға төмендеді.


Мақаланың шыққан күні:: 28.07.2017 02:00
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.07.2017 02:00