Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.07.2017

Қызметтер

2015 жылғы жергілікті қамтуды дамыту туралы ақпарат

Атырау облысы әкімдігімен жүйе құраушы кәсіпорындарда, жер қойнауын пайдаланушы және мемлекеттік органдарда тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті үлесті дамыту бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда.

 

Жүйе құраушы кәсіпорындар

Бүгінгі күнге облыс әкімдігімен жергілікті қамтуды дамыту бойынша 4 жүйе құрушы кәсіпорындарға мониторинг жүргізіледі:

  1. «Атырау Жарық» АҚ
  2. «Атырау ЖЭО» АҚ
  3. Консорцум «ISKER»
  4. «Ge Logistics» ЖШС

Жүйе құрушы кәсіпорындардың жергілікті қамтудың үлесі 2015 жылы 41,9%, тауар бойынша-69,2%, жұмыс – 2% пен қызмет – 1%.

 

Мемлекеттік сатып алу

Мемлекеттік сатып алу аясында 2015 жылы веб-портал арқылы жалпы сомасы 25662,4 млн.теңгеге келісім-шартқа қол қойылды, оның ішінде жергілікті қамту 86-ды, тауарлар бойынша 53,2%, жұмыстар – 97% және қызметтер – 83,3%-ды  құрады.

 

Ұлттық компаниялар

2015 жылы «Самұрық – Қазына ҰӘҚ» АҚ-ң компаниясының топтары Атырау облысы бойынша жалпы сомасы 217,4 млрд. теңгені құрайтын келісімшартқа қол қойылды. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамтудың жалпы үлесі 46,3%-ды құрады.

 

Жерқойнауын пайдаланушылар

2015 жылы жерқойнауын пайдаланушылар Атырау облысы бойынша жалпы сомасы 1955,45 млрд. теңге келісім шарт жасасқан. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамтудың жалпы үлесі 41%-ды құрады.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 11:09
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 11:09