Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.09.2017

Қызметтер

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша ақпарат

1. Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы:

1) персоналды басқару қызметі;

2) жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімі;

3) мемлекеттік сатып алу және дәрімен қамтамасыз ету бөлімі;

4) ана мен бала денсаулығын қорғау және емдеу-профилактикалық жұмыстарын үйлестіру бөлімі;

5) қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу және лицензиялау бөлімі;

6) жұмылдыру жұмыстары, мемлекеттік құпияларды қорғау және инвестициялық жобалар бөлімі.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

2.1. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау: анықталмаған.

2.2. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

2.2.1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы: Атырау облысының әкімінің 06.03.2017 жылғы №54-ө өкімі негізінде өз еркімен D-O-1 санаты бойынша лауазымды тұлға, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының 25.04.2017 жылғы №101 және 06.03.2017 жылғы №55 бұйрығымен мерзімді еңбек шарты мерзімінің бітуіне байланысты D-O-2 санаты бойынша 2 лауазымды тұлға, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы бсшысының 01.02.2017жылғы №11, 13.04.2017 жылғы №86 бұйрықтарымен өз еркімен D-O-3 және D-O-4 санаты бойынша 2 лауазымды тұлға қызметінен босатылды;

2.2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу: болмаған;

2.2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету: 1. Қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу және лицензиялау бөлімінің 2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді:

1) «Медициналық қызметке лицензия беру» - 22 лицензия, 255 қосымша;

2) «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» - 10 лицензия, 18 қосымша;

3) «Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» - 5 лицензия;

2. Мемлекеттік сатып алу және дәрімен қамтамасыз ету бөлімімен:

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау – 0 (облыс Әкімі аппаратына берілетін ай сайынғы есепке сәйкес).

3. Ана мен бала денсаулығын қорғау және емдеу-профилактикалық жұмыстарын үйлестіру бөлімімен «Аудандық орталықтан алыс елді мекендердегі бастапқы медициналық-санитариялық консультациялық диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының дәріхана пункттері арқылы және фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау» - 0 (облыс Әкімі аппаратына берілетін ай сайынғы есепке сәйкес).

Қалған 13 мемлекеттік көрсетілетін қызмет Басқармаға бағынысты медициналық ұйымдармен көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы жиынтық есеп бекітілген нысанға сәйкес ай сайын облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөліміне жолданып отырады.

2.2.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру: 2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша өтініш иелерімен сыртқы портал арқылы ұсынылған электрондық хабарламалар негізінде автоматты түрде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілердің тізіліміне және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізіліміне енгізілгендер саны - 64.

Өтініш иелерімен қағаз түрінде ұсынылған хабарламалар түспегендіктен Басқармамен хабарлама берген субъектілер тізіліміне мәліметтер енгізілмеген.

2.2.5. Бақылау функцияларын іске асыру: бақылау функциялары қаралмаған.

2.2.6. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер: анықталмаған.

3. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 бұйрығына сәйкес Басқармадағы 21.06.2017 жылғы №162/1 бұйрығы негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобы:

1) А.Кабдрахманова – басқарма басшысының орынбасары;

2) А.Жаумбаева – экономика және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы;

3) А.Уайсова – персоналды басқару қызметінің басшысы;

4)А.Мамбетов – мемлекеттік сатып алу және дәрімен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;

5) С.Хайруллин - жұмылдыру жұмыстары, мемлекеттік құпияларды қорғау және инвестициялық жобалар бөлімінің басшысы.

4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі: 2017 жылдың І жартыжылдығы.

5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы: Басқарма басшысы Аймурзиева Маншук Құдайбергенқызы.

6. Мыналар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады:

6.1. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

6.1.1. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі;

6.1.2. Атырау облысының әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы №125 «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысымен «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілді.

6.1.3. Атырау облысының әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы №324 «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысымен (Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 шілдедегі № 133 қаулысы (Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 шілдеде № 3573 болып тіркелді) бекітілді:

«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

6.1.4. Атырау облысының әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы №325 «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысымен (Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 шілдедегі №158 қаулысымен өзгерістер енгізілген (Атырау облысының әділет департаментінде 2016 жылғы 03 тамызда № 3578 болып тіркелді) бекітілді:

«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

«Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

«Аудандық орталықтан алыс елді мекендердегі бастапқы медициналық-санитариялық консультациялық диагностикалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарының дәріхана пункттері арқылы және фармацевтикалық бiлiмi бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәрiхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық бiлiмi бар мамандарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.

6.1.5. Атырау облысының әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы №136 «Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі №102 «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәселелері» қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулысы бекітілді.

6.2. Бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері: ҚР Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2017 жылдың 23 мамыры-9 маусымы аралығында Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде заңдылықтың сақталуына, 2016-2017жж. әлеуетті өнім берушілермен шарттық міндеттемені орындалуына тексеру жүргізілді. Қорытындысы 27 маусымда ғана жолданған.

2017 жылдың 30.05-12.06.2017ж аралығына ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен басқармамен азаматтық қорғаныс шараларының орындалуына тексеру тағайындалып, тексеру мерзімі белгілі себептермен 12 маусымнан 30 маусымға созылып, қазіргі уақытта жалғасуда.

Атырау облысының тексеру комиссиясымен 2017 жылдың 5 маусымы – 28 шілдесі аралығына сыртқы мемлекеттік аудит тағайындалып, жүргізілуде.

6.3. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар: басқарма басшысымен өткізілетін азаматтарды мемлекеттік корпорацияда жеке қабылдау кестесі тоқсан сайын жергілікті баслымыдарда («Атырау» және «Прикаспийская коммуна») жарияланып отырады.

Басқармаға және басқарманың қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарда ақпарат болмаған.

6.4. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері: жеке және заңды тұлғалардың өтініштерді қабылдау, тіркеу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өөтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына және ҚР Бас прокурорының бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Түскен өтініштер «Айқын» базасында тіркеледі. Атырау облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы (бұдан әрі - Прокуратура) тарапынан бақылау жүргізіледі.

І жартыжылдыққа Басқарма басшысының атына 178 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (бұдан әрі - өтініштер) келіп түсті. Өтініштің жалпы санының 3,9 % құрайтын 7 өтініш Электронды Үкімет порталымен, жалпы өтініштің 30,3 % құрайтын 54 өтініш Атырау облысы әкімі аппаратынан, жалпы өтініштің 3,9 % құрайтын 7 өтініш Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен, жалпы өтініштің 1,7 % құрайтын 3 өтініш Жылыой аудандық және Атырау қалалық прокуратурасынан келіп түкен. Қолма-қол әкеліп тапсырылғандар – 93, жалпы өтініштің 52,2% құрайды. Қайта келіп түскендер – 14, жалпы өтініштің 30,3 % құрайды.

Өтініштер базамен қойылған сәйкес қаралған және қаралады. Ай сайын салыстыру актісіне сәйкес Прокуратурамен салыстырылып отырады.

6.5. Прокурорлық қадағалау актілері: Сыбайлас жемқорлық заңбұзушылық фактілері бойынша прокурорлық қадағалау актілері келіп түспеген.

6.6. Сот актілері: Сыбайлас жемқорлық заңбұзушылық фактілері бойынша сот актілері келіп түспеді.

6.7. Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер: Сыбайлас жемқорлық бойынша фактілер келіп түспеді.


Мақаланың шыққан күні:: 29.06.2017 05:38
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.06.2017 05:38