Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.11.2017

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат «Құрманғазы аудандық жер қатынастары бөлімі » мемлекеттік мекемесі

Мекен-жай: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы, Көшекбаев көшесі 25 ,

Телефон: 8(71233) 2-14-47, 2-12-89.

Эл.адресі: kurmangazy_zem14@mail.ru

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Құрманғазы аудандық жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Аудандық жер қатынастары бөлімі өз қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №477 «Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 1 ақпандағы №15 ««Құрманғазы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы» қаулысымен бекітілген Ережесіне өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес атқарады.

Аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес бөлімнің штатық саны – 3 бірлікті құрайды, оның ішінде: бөлім басшысы - 1 бірлік; бас маман – 2 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына – 1 адам (бөлім басшысы 10.05.2017ж - 8.06.2017ж) жіберілді. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

«Құрманғазы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің персоналдық құрамы:

Имашев К.М. – бөлім басшысы;

Сахтаганов С.А. – бас маман;

Сабирова Н.У. – бас маман;

Бөлім бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін бөлім басшысының 2017 жылғы 22 маусымдағы №40 бұйрығымен бөлімнің бас маманы Н.Сабирова тағайындалды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 01.01.2017ж - 30.06.2017ж айларының қызметі қамтылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 26.06.2017ж - 30.06.2017ж.

Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексі;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;

- «Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V;

- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы;

- «Құқықтық актілер туралы»Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы;

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы.

Бөлімге қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Құрманғазы ауданының 2086066 га жері бар, оның ішінде: барлық ауыл шаруашылық алқабының жері – 447060 га, жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 2 га, жер көлемі - 164994 га, өндірістік кооператив - 3, жер көлемі - 113035 га, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жері - 45000 га, елді мекенге берілген жерлер - 270769 га, өнеркәсіп байланыс қорғаныс жерлері - 462542 га, орман қорының жері - 17595 га, ауданның босалқы жер қоры - 843100 га.

Құрманғазы аудандық жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу жөніндегі нормативтік актілерді және облыс, аудан әкімінің қаулыларын басшылыққа алып жұмыс жасайды.

2017 жылдың І жарты жылдығы бойынша азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру немесе жер учаскелерін беруден бас тартуды қортындылайтын» аудандық комиссия мәжілісінің 9 отырысы өткізілді.

Құрманғазы аудандық жер қатынастары бөлімі арқылы 2017 жылдың І жарты жылдығы бойынша 297 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

- Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту – өтініш түскен жоқ.

- Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру - 1.

- Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту – 229.

- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 24.

- Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түріне ауыстыруға рұқсат беру қызметі бойынша өтініш түскен жоқ.

- Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру – 43.

- Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру қызметі бойынша өтініш түскен жоқ.

Аталған мемлекеттік қызметтер регламенті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы №182 қаулысымен бекітілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Жер қартынастары бөлімі мекемесінде тұрғындарға қолжетімді жерде орналастырылды.

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 24 бабына байланысты ауылшаруашылығы мақсатындағы мемлекеттік меншіктегі жерлерді жер пайдаланушыларға жеке меншікке сатуға, шетелдік азаматтарға, азаматтығы жоқ тұлғаларға жер беруге ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы №248 Жарлығына байланысты тоқтатылды.

Бөлімнің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде айқындалмады.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін 2017 жылдың 31 наурызына дейін тапсырады.

Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жоқ.

Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыттарында тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілдерінде жазылған қосымшаға сәйкес жадынамалар мекеменің көрнікті жеріне ілінді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңының 44 бабының 3 тармағының 2) тармақшасына және ҚР-ның 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес:

Құрманғазы аудандық прокуратурасының прокуроры Е.Хисметуллиннің 2017 жылғы 15 наурыздағы №2-05-17-00429 ұсыныс хатта көрсетілген заң бұзушылықтарға жол бергені үшін аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысына «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы берілді.

Прокурорлық ұсыныс бойынша кемшіліктер жойылды.

Бөлімде 01.01.2017 -01.07.2017 жағдайымен бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың тексеру жұмыстары жүргізілді.

Бөлімде 16.01.2017 – 17.02.2017 ж аралығында Атырау облысы бойынша Тексеру коммиссиясы сыртқы мемлекеттік аудит жүргізген болатын. Тексерістің аудиторлық есебінің нәтижесі бойынша «Алпамыс-Атырау» ЖШС-дан 2017 жылдың 29 наурызындағы Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымы бойынша 4 240 000 теңге өндірілген болатын.

Ал Н.Мустаховтың жер учаскесі мемлекетке қайтарылып, келісім шартта көзделген төлеу мерзімі өтуіне байланысты тексеру комиссиясымен анықталған

өсімпұлы мемлекет пайдасына өндіру үшін қазіргі уақытта сот орындаушыларына жолданды.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Құрманғазы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген шешімге келді.

Алға қарай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде жұмыстар бөлімде жүргізіліп, үнемі бақылауда болады.


Мақаланың шыққан күні:: 12.07.2017 02:51
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.07.2017 02:51