Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.06.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпарат

2019 жылдың сәуір айында «Индер – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Жарғысы бекітіліп, құрамы айқындалып, ашылды және кеңсе жанынан қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдерінен сараптамалық кеңес құрылды. Осы бағытта «Индер – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тұрмыстық жемқорлықты жою мен азаматтарға арналған қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында аудандық полиция бөлімімен кездесу өткізді.

«Қоғамдық бақылау картасы» жобасын іске асыру, қоғам арасында насихаттау мақсатында тұрғындармен түсінік жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған брошюралар ұсынылып, әлеуметтік желілерге жарияланды.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, жолын кесу мақсатында аталған кезеңде 23 жиналыс, 7 дөңгелек үстел өткізіліп, 1700 дана жадынамалар таратылса, аудандық «Дендер» газетіне 17 мақала жарияланды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық туралы аудио-видео жазбалар халық көп шоғырланатын жерлерде (аудандық орталық емхана, кинотеатр) көрсетілді.


Мақаланың шыққан күні: 18.02.2020 10:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.02.2020 10:50

Қаралым саны: 136