Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.08.2017

Қызметтер

Инвестицияны тарту бойынша ақпарат

2013 жылдың негізгі көрсеткіштері

Атырау облысы көп жылдан бері республика бойынша шетелдік инвестицияны тарту аймағы болып саналады. 2013 жылы негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 1,038 трлн теңгені құраса, ал шетелдік инвестициялар 399,5 млрд тенгені құрады.

Тау кен өнеркәсібі инвестицияларды салу бойынша басым бағыт болып саналады, инвестиция көлемі 73,1% құрайтын (мұнай және табиғи газ өндірісі) болып табылады.

Инвестицияны тарту бойынша жүргізілген жұмыстар

Атырау облысы әкімдігі аймақтық инвестицияның климатын жақсарту бойынша және облыс экономикасына тікелей шетелдік инвестицияны тарту бойынша системалық жұмыс жүргізуде.

Атырау облысында инвестициялық климатты жақсарту және шетелдік инвесторлардың қызметіне қолайлы жағдайларды жасау мақсатында - «Атырау Innovations» жаңа ұйымы құрылған болатын. Ұйымның басты мақсаттарының бірі отандық және шетелдік инвесторларға сапалы және жедел көмек көрсету үшін, ақпаратты-аналитикалық және сервистік қолдау көрсету болып табылады. «Атырау Innovations» Қазақстан Республикасының заңнамасына және рәсімдеріне қатысты кез-келген сұрақтар бойынша және жобаның кез-келген сатысында да инвесторларға барынша көмек көрсетуге дайын.

Бүгінгі күнде Атырау облысы әлемнің 50-ден аса елдерімен ынтымақтастықта. Облыста өкілдіктерді және филиалдарды қосқанда 900 жуық бірлескен және шетелдік кәсіпорындар құрылып, ойдағыдай жұмыс істеуде.

Ағымдағы жылы аймақтың экономикасына инвестицияны тарту мақсатында, облыста іс-шаралар бірқатар жүргізілді, соның ішінде:

2014 жылғы 1-3 сәуір аралығында «ATYRAU INVEST-2014» атты ІІ Халықаралық бизнес форумы өткізілді.

Бұл форум шеңберінде «Atyrau Oil & Gas 2014» 13-ші Солтүстік Каспий Аймақтық көрмесі және «Atyrau Build 2014» өткізілді. Көрме жұмысына 144 компания (қазақстандық – 80, шетелдік – 64) қатысты.

Форум шеңберінде барлық жалпы құны 19 млрд теңгеден асатын 15 меморандумға қол қойылды.

«ATYRAU INVEST-2014» ІІ Халықаралық бизнес форумына Қазақстан аймақтарының өкілдері қатысты, соның ішіде Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Ақмола және Ақтөбе облыстары; Кеден одақ аймақтары: Беларусь Республикасының Гомель және Гроднен облыстары, Татарстан Республикасы, Ресей Федерациясының Самара және Астрахань облыстары, сонымен қатар Украинаның, Германия Федеративтік Республикасының, Бельгияның, Италияның, Турцияның және т.б. елдердің компания өкілдері.

Сонымен қатар, Қазақстанның және Беларусияның Сауда-өнеркәсіп палаталарының қатысумен Қазақстан-Беларусия Іскерлік Кеңесінің ІІІ-ші Отырысы Форумның жалғасын тапты. Форум шеңберінде Атырау облысының сауда-өнеркәсіп палатасы және Гомельдің «БелТПП» бөлімінің арасында өзара ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойылды.

Сонымен бірге, форум шеңберінде «Эксперт – Западный Казахстан» І аймақтық инвестициялық-экономикалық Форум өткізілді. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары ретінде Рейтинг агенттігі «Эксперт РА Казахстан» және ҚР ҰКП сөз сөйледі.

Гомель облысы атқарушы органының шақыртуы бойынша, ағымдағы жылғы16-17 мамыр аралығында «Весна в Гомеле» атты ХV халықаралық әмбебап жәрмеңке-көрмесіне және XI Гомель экономикалық форумына қатысу үшін, Беларусь Республикасы Гомель облысына Атырау облысы делегациясының сапары болды. Делегация мүшесіне облыс әкімдігінің өкілдері, Аймақтық кәсіпкерлер палатасы және ӨК «Амангельды» (қызмет түрі – балық саласы) кірді. Сапар шеңберінде Атырау облысының делегациялары Гомель облысының Светлогорск ауданында орналасқан тауарлы-сүт фермасына және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына барып қайтты.

2014 жылғы 19-24 наурыз аралығында Біріккен Араб Әмірлігі қалаларында Ислам Ынтымақтастық Ұйымы мүше-елдерінің жеке секторындағы 16-шы Форумына және аталған Форум шеңберінде өткізілген көрмеге облыс делегациясы қатысты. Іс-шарада аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері туралы презентациясын басқарма басшысы Л.Ж. Жұмағалиева ұсынды.

Ағымдағы жылдың 20 мамырда облыс әкімдігінің қолдауымен «Ренессанс» қонақ үйінде мұнайгаз секторындағы британ компанияларының қатысуымен мұнай-газ секторында жабдықтау жүйесі бойынша Қазақстан-Британ форумы өткізілді.

Сонымен қатар, өз компанияларының қызметтеріне тұсаукесер өткізу және әлеуетті серіктестерді іздеу мақсатында ағымдағы жылғы 19-20 маусымда облысқа Чех Орта Азиялық сауда палатасының Президенті Иржи Неставалдың бастауымен Чех Республикасының сауда миссиясының делегациясы келді. Чех компаниялары «ЭНБРА», «Fibertex Nonwowens» және «WOLF INVEST» аймақтың бизнес құрылымдарымен кездесіп, ынтымақтастықтың бағыттарын талқылады.

2014 жылғы 20 маусымыда іс-сапар шеңберінде Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Этьенн Франсистің бастауымен француз делегациясының облыс басшыларымен кездесуі өтті. Кездесу кезінде Атырау облысының Франция Республикасымен келешектегі ынтымақтастығы талқыланды. Сонымен бірге, іс-сапар шеңберінде Атырау қаласында Франция Республикасының консулдығының ресми ашылуы және Құрметті Консулды Ұлықтау болды.

Ағымдағы жылғы 22-24 маусым аралығында Қазақстан Республикасындағы Пәкістан Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Шаукат Али Мукадам ресми іс-сапармен келді. Облысқа сапар шеңберінде облыс әкімімен кездесуі өтті, сонымен бірге атырау облысының Пәкістанмен ынтымақтастығы туралы сұрақтары мен салалары талқыға салынды.

2014 жылғы 21-25 шілде аралығында Атырау облысының делегациясы Ресей Федерациясы Қалмақстан Респуликасына және Астрахань облысына ресми іс-сапармен барып келді. Делегацияны облыс әкімінің бірінші орынбасары Дүйсембаев Ғұмар Ислямұлы бастады. Сонымен бірге, делагация мүшесіне «Атырау» ӘКК» ҰҚ» АҚ, облыс әкімдігі басқармаларының басшылары, сондай-ақ кәсіпорындар кірді. Сапар шеңберінде Ресей Федерациясы аймақтары басшыларының кездесуі өткізілді және одан әрі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Сапар шеңберінде тәжірибемен алмасу үшін және жұмыс жасап тұрған кәсіпорындармен ынтымақтастық бойынша мәселелерді пысықтау үшін бірқатар агроөндіріс кешені нысандарына барды.

Сонымен бірге, Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының Х Форумының пленарлық отырысы кезінде, екі мемлекеттің Президенттері Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының ХІ Форумы Атырау қаласында өтетіні туралы шешім қабылдады.

Атырау облысында Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының ХІ Форумын өткізілуі 2014 жылғы 29-30 қыркүйек аралығына жоспарланды. Кезекті Форумның тақырыбы: «Көмірсутектер саласындағы инновациялар» болып табылады.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 11:27
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 11:27