Array Шетел инвестициясын тарту бойынша ақпарат | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.04.2017

Қызметтер

Шетел инвестициясын тарту бойынша ақпарат

Атырау облысы әкімдігі аймақтың инвестициялық климатын жақсарту және облыс экономикасына тікелей шетелдік инвестицияны тарту бойынша жүйелік жұмыстар жүргізуде.
Атырау облысында инвестициялық климатты жақсарту және шетелдік инвесторлардың қызметіне қолайлы жағдайларды жасау мақсатында 2014 жылы - «Атырау Innovations» ЖШС жаңа ұйымы құрылған болатын. Ұйымның басты мақсаттарының бірі отандық және шетелдік инвесторларға сапалы және жедел көмек көрсету үшін, ақпаратты-аналитикалық және сервистік қолдау көрсету болып табылады.
Бүгінгі күнде Атырау облысы әлемнің 50-ден аса елдерімен ынтымақтастықта. Облыста өкілдіктерді және филиалдарды қосқанда 900 жуық бірлескен және шетелдік кәсіпорындар құрылып, ойдағыдай жұмыс істеуде.
2015 жылдың басынан бастап облысқа көптеген делегациялар ресми іс-сапармен келді:
Ағымдағы жылдың 17 ақпанында аймақта Ресей және Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттер экономикасы Ғылыми-Зерттеу институты директорының орынбасары -Мики Вадзиманың басшылығымен жапон делегациялары болды. Сапар шеңберінде делегация облыстың басшыларымен кездесті және «Ұлттық индустриалды мұнай химия технопаркі» арнайы экономикалық аймаққа барды.
2015 жылдың 3 наурызында облысқа Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік-Африка Республикасы Елшісінің Кеңесшісі-Ренске Фос ресми іс-сапарымен келді. Сапар шеңберінде Елші Кеңесшісі Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары – Ғ.И. Дүйсембаевпен кездесті. Кездесу кезінде Елші Кеңесшісі аймақтың инвестициялық тартымдылығымен танысты, сондай-ақ Атырау облысы мен ОАР арасындағы мүмкін болатын ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 3 наурызында итальян тілшісі-Якопо Деттонидің ресми іс-сапары болды. Сапар шеңберінде, тілші аймақтың әкімімен кездесіп, сұхбат жүргізді. Дайындалған мақаланың сұрақтарының басты бағыты Атырау облысының мұнай өнеркәсібі туралы болды.
2015 жылдың 16-19 наурыз аралығында ЕЫДҰ бастауымен «Қазақстандағы өңірлердің бәсекеге қабілеттігін арттыру» бағдарламасы аясында облыс делегациясы (Франция) Францияның химиялық саласын қолдау тәжірибесімен танысуға және іскер байланыс орнатуға Париж бен Лион қалаларына оқу сапарымен барып келді. Дегеация құрамына облыс әкімдігі, Аймақтыс кәсіпкерлер палатасы, Атырау политехникалық колледжі мен өңірдің мұнай-химиялық компанияларының (Химиялық компанияларының ұйымы, «Рауан Налко» ЖШС-і, «KPI» ЖШС-і) өкілдері кірді. Қазіргі таңда, мұнай-газ және химия саласындағы екі француз ассоциациясының ағымдағы жылдың қыркүйегінде Атырау облысына жауап сапарымен келуге қызығушылық танытқан.
Ағымдағы жылдың 30 наурызында Қазақстандағы Ұлыбритания елшісінің орынбасары-Сара Пиккеринг ханымның Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И.Дүйсембаевпен кездесуі өткен іс-сапары болды. Кездесу кезінде аймақтың Ұлыбритания Корольдігімен ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі, сонымен қатар адамдардың құқығын қорғау, саяси жағдай туралы сұрақтар талқыланды.
Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде баспасөз-тур шеңберінде, Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы – Жұмағалиева Лариса Жасталапқызымен кездесіп сұхбат өткізген «ХРГ» хорватиялық медиа компаниясының тілшілерінің іс-сапары болды. Сондай-ақ, сұхбатта «Атырау Innovations» ЖШС-ң директоры – Асылбеков Азамат Бисалыұлы және «Атырау Innovations» ЖШС директорының орынбасары – Қолбаев Ержан қатысты. Кездесу кезінде Л.Ж.Жұмағалиева Атырау - мұнай астанасы және ол облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуына қалай әсер ететіні; шағын және орта бизнесті қолдау; «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саяси шеңберінде облыстың дамуын елестету және тағы басқа қойылған сұрақтарға жауап берді.
2015 жылдың 7 сәуірінде Францияның Атырау облысындағы Құрметті Консулы – Е.Қ.Байменов және Алматыдағы Францияның Бас Консулы Партик Ренардың өңірге іс-сапар шеңберінде, облыс әкімі Б.С.Ізмұамбетовпен және облыстың басқарма басшыларымен кездесуі өтті. Кездесу аясында, ҚР Атырау облысының ФР Марсель қаласы арасында мүмкін болатын ынтымақтастық орнату туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен таныстырып, Атырау облысы мен Франция арасындағы инвестициялық жобалардың перспективалық дамуы, кәсіпкерлік, мұнай-газ, машина құрылыс, агроөнеркәсіп, балық өңдеу және өзен порты саласында біріккен кәсіпорын құру мәселесін талқылады.
Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Түрікменстанның Қазақстандағы Консулы М.Г.Довдановтың Атырау облыс әкімінің бірінші орынбасары Г.И. Дүйсембаевпен кездесуі өтті. Кездесу аясында өңірдің Түркменстан Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы, сондай-ақ, гуманитарлы-мәдени салада қарым-қатынасы туралы мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, аймақтың экономикасына инвестицияны тарту мақсатында, ағымдағы жылдың 16-17 сәуір аралығында «Atyrau Oil & Gas 2015» 14-ші Солтүстік Каспий Аймақтық көрмесі және «Atyrau Build 2015» өткізілді. Мұнай-газ көрмесі шеңберінде сонымен қатар, 9-шы Технологиялық конференция «Atyrau Build 2015» өтті.
Аталған іс-шараларға қатысуға жақын және алыс шет мемлекеттердің бірқатар делегаттары келді. Облысқа сапары аясында, Ресей Федерациясының Ұдмұрт Республикасы, Норвегия және Нидерланды Корольдігінің делегаттары облыс басшылығымен кездесуге қызығушылық танытты.
Ұдмұрт Республикасының Үкімет Төрағасы – В.А.Савельев бастаған ұдмұрт делегациясы ағымдағы жылдың 13-16 сәуір аралығында келіп, «Atyrau Oil & Gas 2015» және «Atyrau Build 2015» Аймақтық көрмесіне белсене қатысты. Сондай-ақ, өңірдің бизнес-құрылымдарымен В2В кездесу ұйымдастырылды.
Норвег делегациясы өңірімізге Норвегия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Оле Йохан Берноймен келді. Сапар аясында облыс басшысымен кездесіп, Атырау облысының Норвегия Корольдігі арасындағы ынтымақтастықты дамыту сұрақтары талқыланды.
Голландия делегациясы Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хенри Хуберт Дриссердің бастауымен келіп, аймақтық көрмеге қатысып, сапар аясында облыс басшыларымен кездесті. Кездесу кезінде Нидерландының экономикалық істер бойынша министрі – Е.П.Хенка Камптың 2014 жылдың қазан айындағы Қазақстанға іс-сапарының нәтижелері талқыланып, Атырау облысының Нидерланды Корольдігіне ағымдағы жылда жоспарланған сауда миссиясы жайлы сөз қозғалды.
Сондай-ақ, облыс әкімдігінің өкілдері 2015 жылдың 21-22 мамырда өткен VIII Астана экономикалық форумына белсене қатысып, Атырау облысының инвестициялық мүмкіндіктері туралы отандық және шетел инвесторларына таныстырды.
Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Камохара Масаёси мырзаның Атырау облысы әкімімен кездесуі өтті. Кездесу барысында Жапонияның өңіріміз арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі жайлы әңгімелесіп, Елшіні өңірдің инвестициялық тартымдылығымен таныстырды.
Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ЧО Ёнг-Чон мырза ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде С.К.Түгелбаев мырзаны Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Құрметті Консулы атағын табыстыру мақсатында Атырау облысына сапары барысында облыс басшысымен кездесті. Кездесуде Атырау облысы мен Корея Республикасы арасындағы инвестициялық жобалардың даму перспективасы, сондай-ақ, мұнай, ауыл шаруашылығы, денсаулық саласында біріккен кәсіпорындар ашу жайлы айтылды. Жекелей алғанда, Оңтүстік Кореяның денсаулық саласында жоғары потенциалын ескеріп, корей инвесторларының, медициналық персонал мен жоғары технологиялардың қатысуымен Атырау облысында денсаулық орталығын ашу мүмкіндігі туралы сөз қозғалды.
2015 жылдың 12 қазанында аймаққа Нидерланды Корольдігінің Сыртқы Істер Министрлігінің Адам құқықтары жөніндегі Кейс ван Бар мырзаның бастауымен голландиялық делегация келді. Кездесу аясында, Атырау облысы мен Нидерланды Корольдігінің арасындағы ынтымақтастықты дамыту сұрақтары талқыланып, облыс әкімімен кездесуі өтті, сондай-ақ, бизнесте адам құқықтары және тағы да басқа сұрақтар талқыланды.
Ағымдағы жылдың 11-13 қараша аралығында Атырау облысының делегаттары V Еуразиялық экономикалық Форумы аясында «Оренбуржье-2015» көрмесіне белсене қатысып, өңірдің тауар өндірушілерін ұсынды.
Сонымен қатар, 2015 жылдың 18-20 қараша аралығында құрылыс пен транспорт саласында бірлескен кәсіпорын ашу және ынтымақтастықты жандандыру мақсатында, «БелТПП» Унитарлы Кәсіпорынның Бас директоры М.В.Филонова бастаған гомельдік делегация облысқа іс-сапармен келіп, Атырау облысы Басқарма басшыларымен кездесті.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 11:26
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 11:26