Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

2018 жыл бойынша «Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Есеп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығына сәйкес жасақталған. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген тізімге сәйкес Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты арқылы жүзеге асырылады.

2018 жылы мемлекеттік мекемеде 2 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 130 қызмет көрсетілді. Барлық қызметтер қағаз түрінде ақысыз көрсетілді. Есепті жыл ішінде қызмет көрсетуде уақытынан кешіктіру фактісі тіркелген жок.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер стандарт пен регламентке сәйкес дайындалып қызмет алушыға уақытылы ұсынылды.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» – 49, «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» – 81 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Есепті кезеңде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 675.

Әкімшілік ғимараты тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында стендтермен және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандуспен жабдықталған. Жыл ішінде көрсетілген қызметтер сапасына шағымданушылар болған жоқ.

Есепті жылдың ішінде ауылдық округ көлемінде орналасқан мекемелер мен жеке тұлғалардың қатысуымен 6 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.

 

«Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі


Мақаланың шыққан күні: 04.02.2019 11:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.02.2019 11:55

Қаралым саны: 818