Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

2018 жыл бойынша «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Есеп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығына сәйкес жасақталған. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген тізімге сәйкес Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты арқылы жүзеге асырылады.

2018 жылы мемлекеттік мекемеде 2 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 59 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлық қызмет қағаз түрінде ақысыз көрсетілді. Есепті жыл ішінде қызмет көрсету уақытынан кешіктіру фактісі тіркелген жоқ.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер стандарт пен регламентке сәйкес дайындалып қызмет алушыға уақытылы ұсынылды.

Барынша сұранысқа ие қызметтер: «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» - 37 қызмет көрсетілді. Мектепке дейінгі балалар ұйымына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 22;

Есепті кезеңде элентрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 71.

Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуші мамандары біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы, мерзімінде өткізіліп отыр.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ғимарат стендтермен жабдықталған. Жыл ішінде көрсетілген қызметтер сапасына шағымданушылар болған жоқ.

Есепті жылдың ішінде ауылдық округ көлемінде орналасқан мекемелер мен жеке тұлғалардың қатынасумен 15 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.

 

Округ әкімі: Е.Сабиров


Мақаланың шыққан күні: 04.02.2019 13:01

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.02.2019 13:01

Қаралым саны: 775