Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.07.2020

Қызметтер

Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша 2018 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Есеп, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы №193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес жасақталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің тізіліміне сәйкес Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімімен жүргізіледі.

2018 жылы 13 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 420 қызмет көрсетілді, соның ішінде қағаз түрінде 273, ХҚКО арқылы 45 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 102 электрондық түрде көрсетілді.

2018 жыл бойы мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімінен кешіктіру фактісі тіркелген жоқ.

Жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарт пен регламентке сәйкес дайындалып қызмет алушыға уақытылы ХҚКО арқылы ұсынылады. 420 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 420 ақысыз түрде көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2018 жылы арыз-шағым түскен жоқ. Жоспарларға сәйкес ағымдағы кезеңде келесі іс-шаралар өткізілді:

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында үгіт – насихат жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады, бөлімде жұмыс жасайтындар, бас мамандар және егін, мал шаруашылығымен айналысып отырған шаруашылық басшыларымен, мүшелерімен бірнеше рет жиналыс, дөңгелек стол өткізілді. Барлық жүрген ортада сыбайлас жемқорлықтың зияны жөнінде айтылып, түсіндіріліп отырылады. Бөлімде әдеп кодексі жасақталып ілінді, сенімді уәкілдің өзгеруіне байланысты суреті қайта

дайындалды және арыз-шағым жәшігі жаңа үлгіге сай жасақталып ілінді. Бөлімде 2-13-43 сенім телефоны жұмыс істеп тұр.

Бөлім көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы апта, ай және тоқсан сайын ақпаратты аудан әкімі аппаратына беріліп отырады.

Мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша бірыңғай есепке алу мен статистикалық мәліметтерді жасақтауды сапасыз жүргізу деректерін анықтау мақсатында аудан әкімінің аппаратында мемлекеттік органдарды тоқсан сайын мониторингтеу жүргізіледі.

ХҚКО арқылы көрсетілетін қызмет түрлері автоматтандырылған және электронды форматта көрсетіледі. «Электронды Үкімет», Е-әкімдік порталын танымал ету жандандырылды.

Ауданда ХҚКО арқылы «Электронды Үкіметті» дамытуды ақпараттық алып жүру бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Аудан бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында «Құжат қабылдау басталды», «Мемлекеттік қызметте іркіліс болмауы қажет», «Мемлекеттік қызмет көрсету», «Халыққа қызмет – зор міндет», «Анықтаманы үйде отырып аласыз», «Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің назарына» және тағы басқа тұрақты басылымдар жарияланды. Бұл тақырыптағы материалдар тұрақты түрде беріледі, мемлекеттік органдардың тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету, компьютерлік сауаттылықты арттыру бойынша жұмысы жарияланады, баспасөзде e.gov.kz порталы арқылы қызмет көрсетудің әртүрлі түрлерін алу мүмкіндігі туралы ақпараттық модульдер тұрақты түрде жарияланды.

 

 

Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі


Мақаланың шыққан күні: 04.02.2019 11:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.02.2019 11:55

Қаралым саны: 812