Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алуға болатындығын тұрғындарға түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Индер аудандық бөлімінің Мобильдік ХҚКО-ның сапарға шығу кестесіне сәйкес айына 2 рет Көктоғай, Өрлік, Есбол ауылдық округтерінің тұрғындары үшін (осы кезеңде жалпы саны 36 рет қызмет көрсетілсе, оның ішінде аудан әкімдігімен бірлескен түрде 12 рет жұмыстар атқарды) қызмет көрсетіліп отыр.

Ағымдағы жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсету сапасын арттыру бойынша 174 іс-шара (оның ішінде семинарлар, түсіндіру жұмыстары – 38; аудан әкімдігінің веб – сайтындағы, аудандық «Дендер» қоғамдық – саяси үнжариясындағы мақалалар - 67; «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» - 8, ауылдық округтерде, мекемелерде өткізілген «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болатын үйретуші бейнероликтер саны – 54, Қоғамдық кеңес отырысы – 3, баннер - 4 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен аталған кезеңде – 5832 тұрғын қамтылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұрғындарға түсіндіру, насихаттау және ақпараттандыру бағытында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментімен дайындалған «Сіз мемлекеттік қызметтер алу кезінде өз құқықтарыңызды білесіз бе», «Пара беру бас бостандығыңнан айырады» атты 7500 дана брошюралары таратылды.

Халықты ақпараттандыру және сауаттылығын арттыру, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бағытында жоспар жасақталып, ағымдағы жылдың маусым, шілде, тамыз айларында ауданның 8 мектебінде 4500 тұрғын оқытылды.


Мақаланың шыққан күні: 18.02.2020 10:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.02.2020 10:50

Қаралым саны: 139