Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.04.2020

Қызметтер

2018 жылғы қаңтар-маусым айларында "Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі" ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалы анықтама

Миялы ауылы 15 маусым 2018 жыл

"Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі" ММ-нің (бұдан әрі – Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 (бұдан әрі – №12 Бұйрық) бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Қағидаларына сәйкес жүргізілді.

Осы қағидаға сәйкес, бөлімнің 2018 жылғы 7 маусымдағы №57 бұйрығымен келесі құрамда жұмыс тобы құрылып, топтың жетекшісі С.Нұрмағанбетова, топ мүшелері: Г.Батихова, М.Төкенов тағайындалды (бұйрық көшірмесі қосымша ұсынылды).

Жұмыс тобы өз жұмыстарын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидасының 8 тармағына сәйкес жүргізіп, келесі бағыттар бойынша жүзеге асырды:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 2018 жылдың қаңтар- маусым айларындағы талданатын кезең болып табылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау, бөлім қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер, бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, прокурорлық қадағалау актiлерi, сот актілері, ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер негізінде жүргізілді.

1.Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлім аудан әкімдігінің 2013 жылғы 31 шілдедегі №193 қаулысымен құрылып, қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, ҚР Кәсіпкерлік Кодексіне, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілеріне, кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларына, бөлімнің Ережесін негізге ала отырып атқарады.

2017 жылдың 13 қазанындағы жүргізілген ішкі талдаудың қортындысымен (облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2016 жылғы 24 ақпандағы №13-02-3-13/206 санды хатына және осыған сәйкес аудан әкімінің 2016 жылғы №4 хаттамасына сай, бөлім Ережесінің 12 тармағының, 11-тарауында "Баға және қызмет көрсету

мониторингін жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады", - деп көрсетілген функциясы алынып тасталып), 2018 жылдың 18 қаңтарымен бөлім Ережесі қайта бекітілді.

Бөлімге берілген тапсырмалар мерзімінен кешіктіріліп орындалған –анықталған тәуекел бойынша аудан әкімінің жалпы бөлімінен консультациялық көмек алынып, тапсырмалардың электрондық дерекқоры жасақталды.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде (регламенттер, қаулылар, бұйрықтар және т. б.) сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттілік пен нормалар анықталған жоқ.

2.Бөлімнің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1)Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Бөлімде бекітілген құрылымына сәйкес қызметкерлер саны – 7 адамды құрайды, оның ішінде:

- 3 мемлекеттік қызметкер;

- 4 еңбек шарты бойынша қызметкерлер (мемлекеттік қызметкер болып табылмайды). Бос орындар жоқ.

Демалыс күндері іс сапарда болған қызметкерлерге қосымша күн беру туралы бұйрықтар шыққан. Осы бұйрықтардың күші жойылуы тиіс.

Бөлім қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарын жасау үшін жауапкершілікке тартылудың фактілері анықталмаған.

Талдау жүргізу кезеңінде мемлекеттік қызметтен жұмыстан шығару, қызметі бойынша жоғарылату немесе төмендету фактілері болмаған. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлері арасында мүдделік таластар мен даулар тіркелмеген.

2)Мүдделер қақтығысын реттеу

Мүдделер қақтығысы фактілері анықталмады.

3)Мемлекеттік қызмет көрсету

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №352 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығы, облыс әкімінің 2015 жылғы 22 мамырдағы №159 "Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентін бекіту туралы" қаулысы және облыс әкімінің 2015 жылғы 18 наурыздағы №113 өкіміне сәйкес, "Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі" ММ-сі жоғарыда аталған бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі болып анықталғанмен, мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

4)Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру

Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.

5)Бақылау функцияларын жүзеге асыру

Бөлімге жоғары тұрған органдардан келіп түскен хаттар мен хаттамалар кіріс журналында тіркелген. Бақылауға алынатын тапсырмаларға бөлек журнал ашылған.

6)Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған аудан бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, бөлімінің 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.

Бөлімде жұмыс атқаратын лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері жөніндегі арыз-шағымдарына арналған көрнекі және қол жетімді орындарда жәшігі орнатылған. Есепті кезең ішінде азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдары үшін орнатылған жәшікке түскен өтініштер болған жоқ.

Азаматтарға қол жетімді жерлерде бөлім басшысының қабылдау кестесі, қызметтер бойынша ақпараттар және Әдеп Кодексінің мәтіні ілінген. Жыл басынан бөлім басшысының қабылдауына 57 адам (несие қаражатын алу, кәсіпкерлік ашу және т.б.) келген.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністері туралы ақпаратты жинау үшін сенім телефоны жұмыс істейді (2-11-81).

Жыл басынан бері бөлімде, бөлім қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша 3 мәжіліс өткізілген. Атап айтқанда, 15 ақпан күні ауданның шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерін ақпараттық қолдау мақсатында, "Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі", 13 наурызында "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасының екінші бағыты несиемен қаржыландыру және шағын несиелеуді кепілдендіру бойынша мәжіліс және 12 маусымда «Шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне кәсіпкерлік заңнамалардағы өзгерістерді түсіндіру және ақпараттық қолдау» жөнінде өткізілген. Сондай-ақ, бөлім арқылы кәсіпкерлік мәселелері, мемлекеттік қолдау жұмыстарын насихаттау жөнінде ауданның шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 10 семинар, мәжіліс және дөңгелек үстелдер өткізіліп, қоғамымызда сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың немесе жолын кесудің, алдын алудың бірден бір алғы шарттары алынған.

Кәсіпкерлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі №234 қаулысына сәйкес, "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну бағдарламасына қатысуға өтінімді дайындау және құжаттарды жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінуге құқылы болғандықтан, аудан бойынша 6 кәсіпкерге құжаттарын жинақтауға консультациялық қолдау көрсетіліп, бизнес жобалары жасақталып, конкурстық комиссияға тапсыруға көмек берілді. Нәтижесінде конкурстық комиссия отырысының қортындысымен 2 жоба грант иегерлері атанды.

Бөлім арқылы жыл басынан 93 жеке және заңды тұлғаларға бизнес-жобалар жасақтауға, несие қаражатын алу үшін кепілге салынатын жылжымайтын мүлік құжаттарын қарау және құжаттарды түзету жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетіліп, әр түрлі қолдау түсіндірмелері бар бетшелер таратылған.

Бөлім бойынша «Кәсіпкерлікке кең өріс», «Әйел іс бастаса аяқтамай қоймайды» , «33 бизнес жоба жасақталды» атты аудандық «Қызылқоға» газетіне мақалалар жарияланды.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мониторингі тұрақты негізде жүргізіліп тұрады, зерттелетін кезеңде Бөлімнің және оның қызметкерлері тарапына айтылған теріс қылықтар анықталмаған. Бөлімнің қызметіне қатысты прокурорлық қадағалау актілері мен сот актілері зерттелетін кезеңде түспеген.

Жоғарыда мазмұндалғандардың негізінде, жұмыс тобы Бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған деген шешімге келді. Ішкі талдаумен анықталған кемшіліктерді жою мақсатында іс-шаралар жоспарын жасақтауы қажет.


Мақаланың шыққан күні: 29.06.2018 08:41

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.06.2018 08:41

Қаралым саны: 1027