Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

2018 жылғы шілде-қазан айларында "Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі" ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалы анықтама

Миялы ауылы 12 қараша 2018 жыл

"Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі" ММ-нің (бұдан әрі – Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 (бұдан әрі – №12 Бұйрық) бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Қағидаларына сәйкес жүргізілді.

Жұмыс тобы өз жұмыстарын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидасының 8 тармағына сәйкес жүргізіп, келесі бағыттар бойынша жүзеге асырды:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 2018 жылдың шілде-қазан айларындағы талданатын кезең болып табылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау, бөлім қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер, бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, прокурорлық қадағалау актiлерi, сот актілері, ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер негізінде жүргізілді.

1.Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлім аудан әкімдігінің 2013 жылғы 31 шілдедегі №193 қаулысымен құрылып, қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, ҚР Кәсіпкерлік Кодексіне, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілеріне, кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларына, бөлімнің Ережесін негізге ала отырып атқарады.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде (регламенттер, қаулылар, бұйрықтар және т. б.) сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттілік пен нормалар анықталған жоқ.

2.Бөлімнің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1)Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Бөлімде бекітілген құрылымына сәйкес қызметкерлер саны – 7 адамды құрайды, оның ішінде:

- 3 мемлекеттік қызметкер;

- 4 еңбек шарты бойынша қызметкерлер (мемлекеттік қызметкер болып табылмайды). 1 бос орын бар.

Бөлім қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарын жасау үшін жауапкершілікке тартылудың фактілері анықталмаған.

Талдау жүргізу кезеңінде мемлекеттік қызметтен жұмыстан шығару, қызметі бойынша жоғарылату немесе төмендету фактілері болмаған. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлері арасында мүдделік таластар мен даулар тіркелмеген.

2)Мүдделер қақтығысын реттеу

Мүдделер қақтығысы фактілері анықталмады.

3)Мемлекеттік қызмет көрсету

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №352 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығы, облыс әкімінің 2015 жылғы 22 мамырдағы №159 "Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентін бекіту туралы" қаулысы және облыс әкімінің 2015 жылғы 18 наурыздағы №113 өкіміне сәйкес, "Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі" ММ-сі жоғарыда аталған бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі болып анықталғанмен, мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

4)Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру

Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.

5)Бақылау функцияларын жүзеге асыру

Бөлімге жоғары тұрған органдардан келіп түскен хаттар мен хаттамалар кіріс журналында тіркелген. Бақылауға алынатын тапсырмаларға бөлек журнал ашылған.

6)Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған аудан бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, бөлімінің 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.

Бөлімде жұмыс атқаратын лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері жөніндегі арыз-шағымдарына арналған көрнекі және қол жетімді орындарда жәшігі орнатылған. Есепті кезең ішінде азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдары үшін орнатылған жәшікке түскен өтініштер болған жоқ.

Азаматтарға қол жетімді жерлерде бөлім басшысының қабылдау кестесі, қызметтер бойынша ақпараттар және Әдеп Кодексінің мәтіні ілінген. Жыл басынан бөлім басшысының қабылдауына 53 адам (несие қаражатын алу, кәсіпкерлік ашу және т.б.) келген.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністері туралы ақпаратты жинау үшін сенім телефоны жұмыс істейді (2-11-81).

Сондай-ақ, бөлім арқылы кәсіпкерлік мәселелері, мемлекеттік қолдау жұмыстарын насихаттау жөнінде ауданның шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 4 семинар, мәжіліс және дөңгелек үстелдер өткізіліп, қоғамымызда сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың немесе жолын кесудің, алдын алудың бірден бір алғы шарттары алынды. Атап айтқанда,

Шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерін ақпараттық қолдау мақсатында, "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша оқып жатырғандарға бағыт бағдар беріп, ақпараттық қолдау мақсатында, 2 рет "Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі" өткізілді. Кездесу барысында Елбасының шағын және орта кәсіпкерлікке жасап отырған саясаты жөнінде кеңінен түсінік беріліп, кәсіпкерлікті ашу және жүргізу, кәсіпкерлікті мемлекеттік және қаржылай қолдау, жер учаскелерін алу және одан әрі заңдастыру, сондай-ақ кәсіпкерлердің нақты өзекті мәселелеріне көмек көрсету, бизнесті мемлекеттік қолдаудың мүмкіндіктері және т.б. кеңестер беріліп, бөлім тарапынан әзірленген шағын және орта кәсіпкерлерді несиелеу бағдарламалары туралы 51 кітапшалар таратылды.

Аудан әкімі А.С.Баженовтың төрағалығымен 2018 жылдың 9 қазан күні "Шағын және орта кәсіпкерлік саласында кездесетін кедергілер" жөнінде жұмыс мәжілісі өткізіліп, аталған мәжілісте кәсіпкерлік мақсатқа жер учаскесін алу және мақсатын өзгерту, шағын және орта кәсіпкерлік мақсатқа алған жер учаскесінің шекарасын белгілету мәселелер қаралып, мәжіліс қорытындысымен бөлім, мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы қолдау тапқан шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері туралы және мемлекеттің қолдау бағдарламалары туралы мақалалар жергілікті, облыстық баспасөз қызметтерінде және әлеуметтік желілер арқылы хабарламалар мен мақалалар жарияланды.

Сондай – ақ, мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде "Қызылқоға ауданының кәсіпкерлері" facebook парақшасында ақпараттар және бейнероликтер орналастырылып, үнемі жаңартылып отырылады.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мониторингі тұрақты негізде жүргізіліп тұрады, зерттелетін кезеңде Бөлімнің және оның қызметкерлері тарапына айтылған теріс қылықтар анықталмаған. Бөлімнің қызметіне қатысты прокурорлық қадағалау актілері мен сот актілері зерттелетін кезеңде түспеген.

Жоғарыда мазмұндалғандардың негізінде, жұмыс тобы Бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған деген шешімге келді.


Мақаланың шыққан күні: 21.11.2018 18:14

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.11.2018 18:14

Қаралым саны: 722