Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.03.2020

Қызметтер

Сафон ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі хабарлама

Жемқорлыққа қарсы күрес-ол еліміздің жаңа даму жолындағы жалпы мемлекеттік және стратегиялық міндет болып табылады.Елбасы тапсырмасына сәйкес жемқорлықтың алдын алу, олармен күрес жұмыстарын жүргізу барлық мемлекеттік органдарға міндеттелген болатын.

Осы жемқорлықтың алдын алу мақсатында ауылдық округінің әкім аппараты мен барлық мемлекеттік мекемелермен,қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жоспарға сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Президент Жарлығымен сыбайлас жемқорлықты жоюға елімізде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттарын басшылыққа ала отырып Сафон ауылдық округ әкім аппараты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оны болдырмау мақсатында арнайы іс шара жоспары жасақталды. Жасақталған іс шара жоспарының басты мақсаты-мемлекеттік органда қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның мемлекет пен жеке тұлғаның тіршілік әрекетінің барлық салаларына көрінуін төмендету.

Бағдарлама аясында жасақталған жоспар аппарат мәжілісінде талқыланып,мемлекеттік қызметшілер алдына қойылып отырған міндеттер түсіндіріліп, осы заңнаманы сақтаудағы жауапкершіліктерін арттыру,жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау міндеттер қойылды.

Ауылдық кітапханада «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты кітап көрмесі шығып тұр. Сыбайлас жемқорлық туралы Заңнамалар мен мемлекеттік органдардың бұл саладағы атқарып отырған қызметтер туралы мәліметтер жинақталған.

Тұрғындармен байланысты нығайту және өзара қарым –қатынасты қамтамасыз ету мақсатында округ әкіміне жеке мәселелермен қабылдау уақыты регламенттелмейді,күнделікті жұмыс уақытында ешқандай кедергісіз қабылдау жүргізіліп,арнайы ашылған журналда есеп жүргізіліп, карточкілер ашылып,қаралған мәселелер бақылауда болып,өз мерзімінде шешімін табуға жұмыстанамыз. Ғимарат алдында тұрғындар тарапынан ұсыныс-пікірлер салатын арнайы жәшік ілінді. Жеке тұлғалардан түсетін өтініштер өз мерзімінде тіркеліп, арнайы карточкалар ашылып, бақылауда болады. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап округ әкімінің жеке қабылдауында 30 адам тіркеліп барлығына өз уақытында заң аясында түсінік беріліп, қанағаттандырылды. Ауыл тұрғындарынан 30 өтініш түсіп, 17 қанағаттандырылған, 13 өтініш бойынша жазбаша түсінік берілді. Барлық өтініштер Қазақстан Республикасы Жер Кодексі талаптарына сәйкес қаралып,заң бұзушылыққа жол берілген жоқ. Қазақстан Республикасы

мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі ғимарат дәлізінде көрнекті түрде ілініп,оны сақтау және аппарат қызметкерлерінің тарапынан кодекс талаптарын бұзған жағдайда оны есепке алатын арнайы журнал ашылып, қолжетімді жерге орналасқан.Күні бүгінге дейін тұрғындар тарапынан мұндай жіберілген кемшілік туралы ұсыныстар болған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатырған жұмыстарды халық арасында насихаттау елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында округ және округқе қарасты мекемелердің көрнекті жеріне «Пара берсең жазаланасың», «Даешь взятку получаешь срок», «Параға емес, биікке ұмтыл», «Берите вершины, не взятки», Пара беру- бас бостандығынан және болашағыңнан айырады», «Дача взятки лишает свободы и будущего», «Өз елінің патриоты сыбайлас жемқорлықты жасырмайды», «Патриот своей страны не молчит о коррупции», «Таңдай өзіңде», «Выбор за тобой», «Бүгін пара алсаң-ертең түрмеге қамаласың», «Сегодня взятки собирал-завтра в камеру попал» атты жадынамалар округке қарасты мекемелерге ілінді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жасақталған «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын іске асыру мақсатында жобаның қызметінің тиімділігі және қолдану тәсілі айтылып, қоғам ұжым арасында насихаттап, жасақталған жадынамаларды халық арасында түсіндіріліп таратылды. 2018 жылдың 23-інші сәуір күні сағат 10.00-де Сафон ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратында «Электрондық үкімет» веб-порталымен жұмыс жасау дағдыларына үйрететін, тұрғындарға электрондық цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) беру, портал жөнінде жалпы мағлұмат беру мақсатында аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының мобильдік тобының қатысуымен жиын өтті. Округ әкімінің нормативтік-құқықтық актілерді шығару мезгілінде ең алдымен заңдылық шеңберінде,сонымен қатар біреулердің мүддесін қорғауға немесе жеке адамдарға артықшылық жол бермеу негізінде шығарылады. Округ тарапынан өткізілетін мемлекеттік сатып алу жұмыстары заңдылыққа сәйкес өткізіледі. Бұл жұмыста ең алдымен бюджеттік қаржыны дұрыс, тиімді, мақсатты пайдалану негізге алынады.

«Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметшілер туралы мәліметтер құйылып, өзгерістер уақытылы енгізілуде. Округ әкім аппаратындағы барлық мемлекеттік қызметшілер заңға сәйкесімді уақтылы

2017 жылдың қортындысымен салық есептілігін (декларацияларын) табыстады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу бағытында жоспарланған жұмыстар өз жалғасын тауып, алдағы уақытта осы салады тиімді бірыңғай мемлекеттік саясатын жүзеге асыруда мүлтіксіз қызметтер атқарамыз.

 

Сафон ауылдық округінің әкімі: Р.Камзаева


Мақаланың шыққан күні: 24.10.2018 00:18

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.10.2018 00:18

Қаралым саны: 832