Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2017

Қызметтер

«Жібек жолы елдеріне қалай экспорттау» атты бизнес-семинар бойынша ақпарат

2017 жылдың 31 шілдесінде Атырау облысы әкімдігінде Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен швейцариялық OrientSwiss SA компаниясының «Жібек жолы елдеріне қалай экспорттау» атты бизнес-семинары өтті. Бұл семинар аталған компанияның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жасаған жобасы болып табылады.

Бизнес-семинардың мақсаты өңірдегі өндіруші және экспорттаушы компанияларды жаңа мүмкіндіктермен, Жібек жолы елдеріне: ТМД елдеріне, Қытай, Ауғаныстан, Иран және басқа да елдерге экспорттау жолдарымен және компанияның осы бағыттағы қызметтерімен таныстыруға бағытталған.

Аталған іс-шарада OrientSwiss SA компаниясының сату жөніндегі директоры Мухаммед Азамат және «Kazakh Invest» АҚ-ның өңірлік директоры Асылбеков Азамат қатысты және семинардың алдына қойылған мақсаттар бойынша өңірдің кісіпкерлеріне толық ақпарат берілді.

Бизнес-семинар аясында кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.


Мақаланың шыққан күні:: 09.08.2017 01:59
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 09.08.2017 01:59