Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.07.2020

Қызметтер

Құрманғазы ауданы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауданымызға келген мамандарды қолдап, көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілуде.

Бағдарламаның іске асырыла бастаған 2009-2018 жылдар аралығында 351 маманға, 333 көтерме жәрдемақы 41 612,0 мың теңге, 109 тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие 230 804,0 мың теңге әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілген, атап айтқанда.

Көтерме жәрдемақы бойынша:

- Білім беру саласының 202 маманына 24 955,0 мың теңге

- Денсаулық сақтау саласының 99 маманына 11 934,0 мың теңге

- Әлеуметтік қамсыздандыру саласының 1 маманына 168,0 мың теңге

- Мәдениет саласының 6 маманына 762,0 мың теңге

- Спорт саласының 5 маманына 764,0 мың теңге

- Агроөнеркәсіптік кешен саласының 20 маманына 3029,0 мың теңге.

Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие бойынша:

- Білім беру саласының 65 маманына 124 035,0 мың теңге

- Денсаулық сақтау саласының 33 маманына 76 207,0 мың теңге

- Мәдениет саласының 4 маманына 10 797,0 мың теңге

- Спорт саласының 2 маманына 6 298,0 мың теңге

- Агроөнеркәсіптік кешен саласының 5 маманына 13 467,0 мың теңге.

Жоғарыда аталған Қаулыға сәйкес, 2019 жылға әлеуметтік қолдау шаралары бойынша 70 еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы, яғни 176750 теңге және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие 3787500 теңге мөлшерінде беріледі. (Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға берілетін несие 15 жылға 0,01 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен есептелінеді)

2019 жылға аудан бюджетінде 50 маманға 8 838,0 мың теңге көтерме жәрдемақы және республикалық бюджеттен 7 маманға26 513,0 мың теңге тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие жоспарланып отыр.


Мақаланың шыққан күні: 11.03.2019 15:08

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.03.2019 15:08

Қаралым саны: 726