Array Құрманғазы ауданы бойынша білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орыналысы туралы хабарлама | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.04.2017

Қызметтер

Құрманғазы ауданы бойынша білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орыналысы туралы хабарлама

Аудан бойынша білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстар жалғасын табуда.

Атырау облысы білім беру басқармасының мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы орта білім беретін мектептерде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптарында сынып сағаттары, тәрбиелілік шаралар өткізу Тұжырымдамасы бойынша 1-4 сыныптар аралығында «Құқықтық тәртіп деген не?» тақырыбында, 5-9 сыныптар аралығында «Сыбайлас жемқорлық қылықтары мен зардаптары» тақырыбында және 10-11 сыныптар аралығында «Сыбайлас жемқорлықтың түйіне неде?» деген сынып сағаттар кешені өткізілуде.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен оқушылар және педагогтар арасында кездесулер ұйымдастыру барлық білім беру мекемелерінде өткізілді. Аудандық барлық білім мекемелерінде және білім бөлімінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы стендтер орналастыру жұмыстары түгелімен орындалды. «Парасатты Азамат бұрыштары барлық білім беру мекемелерінде дайындалып, жоспарға сәйкесті материалдары өзгертіліп тұрады.

Үстіміздегі жылдың 13-16 қыркүйегі аралығында аудан мектептерінде жастар арасында «Мен сыбайлас жемқорлықсыз мемлекеттің жасы болғым келеді!» тақырыбында флешмоб өткізілді. Флешмоб соңында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істтері министрлігінің сенім телефоны құрастырлды және қатысушыларға жаднама бетше таратылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-ортақ міндетіміз» атты дөңгелек үстел 17-20 қазан қазан аралығында барлық мектептерде жоғарғы сынып оқушылары арасында өткізілді.Ақпан айында «Сыбайлас жемқорлықсыз-жарқын болашақ» театырландырылған көріністер байқауын ұйымдастырылып,жеңімпаз Ломоносов орта мектебінің оқушылары облыстық кезеңге ұсынылды. Аудандық «Менің бүгінгі сабағым-жемқорлықсыз қоғам» атты байқау наурыз айында өткізіліп,жеңімпазы Абай орта мектебінің сыып жетекшісі Аккалиева Нүргүл облыстық кезеңге жолданып,жүлделі ІІ орын иемденді.

Сонымен қатар оқушылар арасында «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумы, «Қазақстан құқықтық мемлекет» айлығы, «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» оқушылар арасындағы сурет байқауы өткізілді.

«Театрлық қойылым» наурыз айында қйымдастырылып,адандық байқау жеңімпазы Ломоносов орта мектебінің оқушылары облыста ІІ орын иемденді. «Транспарентті есеп беретін мемлекет» бейнероликтер байқауы наурыз айында өткізіліп,облыстық кезеңге Гагарин орта мектебі қатысып,жүлделі І орын иемденді.


Мақаланың шыққан күні:: 12.04.2017 12:25
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.04.2017 12:25