Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Қызылқоға ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің 2018 жылдың қорытындысы бойынша ақпарат

Аудан бойынша 2018 жылдың 12 айында 23245 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның ішінде, - мемлекеттік органдармен (қағаз түрінде) 5106;

* «электронды түрде» веб-порталы және Мемлекеттік Корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызмет берушілермен қағаз түрінде 1655;

* «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» аудандық бөлімі арқылы 3852;

* электрондық үкімет «веб-порталы» арқылы 1303;

* мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы-11098 қызмет көрсетілген.

Қызылқоға ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алуға болатындығын тұрғындарға түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Ағымдағы жылдың 12 айында «Қызылқоға» аудандық қоғамдық-саяси газетіне тұрғындарды тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында 59 мақалалар жарық көрді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 26 рет семинар-кеңестер жұмыстары ұйымдастырылды. 2018 жылдың 29 наурызында Миялы а/о, 29 маусымда Көздіғара а/о, 24 тамызда Тасшағыл а/о, 24 қазанда Жамбыл а/о-терінде «Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі» 4 рет өткізілді. Тұрғындарға «Электрондық үкімет», «Электрондық сандық қолтаңба» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу туралы ақпараттар мен кеңестер түсіндірілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 1 құжат кешіктірілді.

Аудан тұрғындарына қызметтерді алу барысында ауылдық округ әкімі аппараттарында қолайлы жағдай жасалып, барлық ауылдық округ әкімі аппараттарында және орта білім беретін мектептерде «Өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылды. «Тегін билет» жобасы халыққа ұсынылды. Жобаның мақсаты - «Халықты электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен пайдалануға және қызығушылығын туғызу. (Жайдарман ойындары, концерттер, байқаулар, театорланған көріністер, ҚР Еңбегі сіңген әншілердің кештеріне қызмет алу кезінде тұрғындарға билеттер ұсынылады). Өткізілген мәдени шара – 162, таратылған билет – 640;

Аудан бойынша электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімдері халық арасында көрсетілетін қызметтердің электронды түрде алуға болатындығы жөнінде үй-үйді аралау арқылы 17151 ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі туралы насихаттау жұмыстары жүргіліп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 10642 дана брошюралар таратылды.

Қызылқоға ауданы әкімдігінің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимараттарында қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшіктер орналастырылды. (2018 жылдың 12 айында шағымдар мен пікірлер түскен жоқ)

Қызылқоға ауданы бойынша 10 ауылдық округ әкімі аппараттары ауыл тұрғындарына электрондық түрде қызметтер көрсету мақсатында соңғы үлгідегі компьютер, принтерлермен 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап толықтай қамтамасыз етілді.

Аудан бойынша электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыру және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы хабардарлығын одан әрі жоғарылату, құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу басты назарда қала бермек.


Мақаланың шыққан күні: 07.02.2019 10:52

Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.02.2019 10:52

Қаралым саны: 645