Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.08.2020

Қызметтер

Атырау облысында 2020 жылдың 6 айында азаматтар өтініштерімен атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Атырау облысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, азаматтарды жеке қабылдау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша облыс әкімі аппаратында 2020 жылғы 1 сәуірден бастап Өтініштермен жұмыс жөніндегі бөлім құрылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2020 жылғы 12 ақпандағы №20-63-17.18.-1 ұсынысына сәйкес Атырау облысы әкімідігі ғимаратының 1 қабатында 2020 жылдың 1 наурызынан бастап азаматтарды қабылдау жөніндегі фронт-кеңсе ашылып, қызмет атқаруда.

Бұл ретте, Фронт-кеңсеге келген азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыру жөніндегі мақсат қойылған.

Осыған байланысты, Фронт-кеңсе ашылысымен оған 500-ден асатам азаматтар келіп, мәселелеріне қарай облыс әкімінің және орынбасарларының жеке қабылдауына жазу, өтініштерді қабылдау, тіркеу және жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің құзырлы лауазымды тұлғаларымен консультациялар мен түсініктер беру жұмыстары жүзеге асырылуда.

Өңір халқымен төтенше жағдай және коммуналдық-шаруашылық мәселелеріне қатысты өзара әрекеттестік, қолжетімділік, ашықтық пен жариялылық орнату аясында, олардың өзекті сұрақтарына жауап беруге арналған «109» (операторлар саны-24) және «112» (операторлар саны-17) жедел байланыс call-орталықтары қызметі ұйымдастырылған. Қазіргі уақытқа дейін «109» қызметіне 141 718, «112» қызметіне 280 000 адам қоңырау шалған және ол бойынша тиісті шаралар алынған.

Сондай-ақ, «Атырау облысының әкімдігінің» телеграм-чат каналы онлайн форматта жұмыс жасауда. Ал, ол өз кезегінде тұрғындардың мәселелері бойынша нақты уақыт режимінде сұрақтарын қоюға және оған шұғыл түрде жауап алуға жасалған мүмкіндік. Қазіргі таңда чат қолданушыларының саны – 21 150 азаматтан асқан.

Облыс әкімі аппаратына 2020 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 1545 өтініш келіп түсті, 2019 жылмен салыстырғанда (2019 ж -1504) 2,7 %-ға артып отыр.

Келіп түскен өтініштердің 599-ы облыс әкімі аппаратымен қаралып, заңға сәйкес жауаптар берілді, 946 өтініш құзырлы мемлекеттік органдардың қарауына жолданған, 28 арызданушының мәселесі оң шешілді (тұрғын үймен көмек, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, пәтер жөндеу, оқу ақысын төлеу мәселелері).

2020 жылдың 6 айында облыс әкімдігі басшылығымен барлығы              114 азамат жеке қабылданды. Оның ішінде, облыс әкімімен 5 қабылдау өткізіліп (1-і онлайн түрінде), 92 азамат жеке қабылданып, 3 азаматтың мәселесі оң шешілді.

Сондай-ақ, Атырау қаласы және аудандар әкімдіктері бойынша барлығы 665 азамат жеке қабылданып, 27 азаматтың мәселесі оң шешілді, 568 азаматқа заң шеңберінде түсініктер берілді.

Жергілікті мемлекеттік органдарда азаматтардың өтініштерін есепке алу, тіркеу және қарау бойынша жай-күйін талдау жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасатын болады.


Мақаланың шыққан күні: 31.07.2020 16:48

Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.07.2020 16:48

Қаралым саны: 46