Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.11.2017

Қызметтер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысының орындалуы туралы ақпарат

Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысына сәйкес, 2016 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департментімен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ іс» атты тақырыпта тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырды. Сонымен қатар, басқарма жанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Комиссия құрылып, Ережесі және Іс – шаралар жоспары бекітілді. Бұл мәселе тұрақты бақылауда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі талаптарының сақталуы басқарманың ұдайы назарында ұсталып келеді. Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы – Б.Әбдешев мекеменің Әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды.

Сонымен қатар, Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық жайлары орын алған жағдайда көрсетілген сенім телефоны жұмыс жасайтындығы туралы ақпарат 2016 жылғы 6 қаңтарда, 6 сәуірде, 2 шілдеде, 5 қазанда сенім телефондары туралы облыстық «Атырау» газетінде жарияланғанын хабарлайды.

Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында 2016 жылғы 22 сәуірде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында құқықтық оқыту өткізілді.

Басқарманың әкімшілік бөлімі 2016 жылдың І-жартыжылдығына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіп, нәтижесінде ешқандай құқық бұзықшылық анықталмады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері басқарманың ресми парақшасына қазақша – орысша тілдерде жарияланды (11.11.2016ж.).

Әкімшілік бөлімінің басшысы - М.Құбышевтың 2016 жылдың 13 қаңтарында «Мұнайлы Астана» республикалық қоғамдық-саяси газетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ іс» атты тақырыпта мақаласы жарияланды.

Тоқсан сайын облыстық халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарды қабылдау өткізілетіндігі туралы кесте бекітіліп, облыстық газеттерде мемлекеттік және ресми тілдерде жарияланды.

Басқармада арыз-шағымдар жәшігі орналастырылды. Мекеменің мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өткізілуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар алда да жалғасын табатын болады.


Мақаланың шыққан күні:: 06.12.2016 18:06
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 06.12.2016 18:06