Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.09.2017

Қызметтер

Облыстағы тілдік ахуал туралы 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша ақпарат

Облыстық басқармада, қала, аудандарда жыл басынан бері конкурстар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, әдеби кештер, т.б. - барлығы 183 мәдени-бұқаралық, танымдық, әдістемелік шаралар өткізілді. Соның ішінде, үш тілді меңгерген мемлекеттік қызметші жастардың «Тіл шебері», термешілердің «Текті сөздің төресі - терме», қазақ тілі оқытушыларының «Үздік» оқытушы байқаулары, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауы облыстық деңгейде өткізілді.

2017 жылдың 1-ші жартысында мұнай-газ саласында қызмет ететін 3 кәсіпорында ҚР «Тіл туралы» Заңының орындалуы зерттелді және облыс әкімдігі жанындағы Тілдер туралы заңнаманы және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінде тыңдалды. Осы саладағы кейбір мекемелерге іс жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Ересек халықты тілдерге оқыту бағытында облыс әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және тілдерге оқыту орталығы» КМҚК-да 108 адам қазақ тілі, 40 адам орыс тілі, 49 адам ағылшын тілі курстарында оқып шықты. Сондай-ақ, «Қазтест» жүйесі бойынша түсінік беру 1 күндік көшпелі семинарларымен 175 адам, «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу және оның стандарттары» 1 күндік көшпелі семинарларымен 127 адам қамтылды.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында сәуір айында республикалық Ұлттық тестілеу орталығымен бірге «Қазтест» жүйесі бойынша 4 мың адам тестіден өткізіледі.

10 мектепке тарихи тұлғалардың, Ұлы Отан соғысы батырларының, «Алаш» қайраткерлерінің есімдерін беру жөнінде ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды.

Облыстық ономастикалық комиссия 27 көшеге ат қою, қайта атау, 322 көшенің бұрыннан қалыптасқан атауларын заңдастыру туралы қорытынды шығарды.

Халыққа қызмет көрсететін нысандардың көрнекі ақпаратында ҚР «Тіл туралы» Заңының талаптарын түсіндіру акциялары жалғасуда: есепті кезеңде облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, қалалық, аудандық мәдениет және тіл бөлімдері қоғамдық бірлестіктерді тарта отырып, 392 көрнекі ақпарат құралын қамтыды. Тіл заңнамасына қайшы ресімделген көрнекіліктерді түзету жөнінде меншік иелеріне ұсынымдар беріліп, жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан бері Атырау қаласы мен аудандарда 172 сыртқы жарнама құралы жаңартылды.

Мемлекеттік тіл саясаты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да насихатталуда. Баспа БАҚ-да облыстағы тілдік ахуалға қатысты 83 материал жарияланды. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг ұйымдстырылып, облыстық телеканалда сұхбат берілді.

Халықтың қазақ тілін меңгеру деңгейі жоғары: 2017 жылы жүргізілген әлеуметік зерттеу қорытындысымен қазақ тілін түрлі деңгейде меңгерген ересек халықтың үлесі 96,5% құрап отыр.

Сондай-ақ, 14,8% ағылшын тілін, 11,5% үш тілді түрлі деңгейде меңгерген.

Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасады. Соның ішінде, 2017 жылы мұнай-газ саласындағы ұлттық терминология мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференция және Ж.Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауын өткізу жоспарланып отыр.


Мақаланың шыққан күні:: 02.08.2017 05:14
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.08.2017 05:14