Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 11-тармағына сәйкес орталық және жергілікті мемлекеттік органдар азаматтардың құқықтық сауаттандыру және құқықтық мәдениетін арттыру бойынша іс-шаралардың орындалысы туралы ақпарат

Индер ауданы әкімі аппаратымен Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес азаматтардың құқықтық сауатын және құқықтық мәдениетін арттыру бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.

2018 жылы 9 ақпанда аудан әкімінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Қ.Нұрлыбаевтың төрағалығымен еліміздің Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес жеке кәсіпкерлермен, мекеме, кәсіпорын басшылары және есепшілерімен семинар-кеңес өткізілді. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Қ.Нұрлыбаев жүргізіп, өзгеріске сәйкес ақпараттар берілді.

Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және азаматтарды жедел қабылдау мақсатында аудан әкімінің 2017 жылғы 9 наурыздағы №59-ө өкімімен құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топпен 2018 жылдың 25-28 маусым аралығында Индербор кенті ауылдық округіндегі тұрғындарына, еңбек ұжымдарына «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарының аясында ақпараттық-түсіндіру шаралары жүргізілді.

Аталған шарада сыбайлас жемқорлық қылмысының санатына негізінен лауазымды адамдардың жататындығы, сондай-ақ өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу қызметтік жалғандық жасау, сеніп тапсырған бөтен мүлік иеленіп алу немесе ысырап ету, тағы басқа осындай сияқты қылмыстардың барлығы жемқорлық арқылы жасалатындығы туралы түсіндірілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын әкімшілік барьерлерді барынша азайту, мемлекеттік қызметті электронды түрде көрсету сапасын арттыру, азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асыру бағытында да құқықтық ақпараттар берілді.

Өткен жылдың шілде айында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен қоғамнан оқшалаумен байланысты емес жазаға сотталғандар арасында қайта қылмыс жасамау мен басқа да құқық бұзушылық жасау мақсатында АБК ғимаратының мәжіліс залында «Пробация бойынша атқарылып жатқан жұмыстар» тақырыбында жалпы жиналыс өткізілді. Аталған шарада аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің, аудандық қылмыстық атқару инспекциясының есебінде тұрған барлық сотталғандардың қатысуымен, олардың міндеттері мен құқықтарын түсіндірілді.

Аудан орталығында 2018 жылдың тамыз айында «Дінді дұрыс түсіну қажет» тақырыбында семинар болып, діни экстремизмнің алдын-алу, діни сауаттылықты арттыру мен дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау бойынша құрылған аудандық, ауылдық округтердегі ақпараттық-насихаттық топтарына арналған бір күндік көшпелі кеңес өтті.

2018 жылы Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекс бойынша түсіндіру, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын насихаттау, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының қолданылуын түсіндіру мақсатында ауылдық округ әкімдері мен әділет басқармасының басшысымен бірлесіп дәрістер оқылды.

Сонымен қатар мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі аудандық әділет басқармасымен бірлесіп, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңын насихаттау мақсатында семинар өтті.

2018 жылдың қазан-қараша айларында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында қойылған міндеттерді түсіндіру жұмыстары барлық жерде де кең көлемде іске асырылды. Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Д.Шамұратов және облыстық ақпараттық – насихаттық топтың мүшелері барлық округтерде болып, тұрғындармен кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.


Мақаланың шыққан күні: 31.01.2019 15:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.01.2019 15:19

Қаралым саны: 596