Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.12.2017

Қызметтер

Итальяндық делегациямен кездесу бойынша ақпарат

Итальяндық делегациямен кездесу бойынша ақпарат2017 жылдың 26 шілдесінде облыс әкімінің бірінші орынбасары - С. Лұқпановтың «ТЕАМ Group» АҚ-ның Бірге иемденушісі, акционер Берарди Анджело мырзаның жетекшілігіндегі итальяндық делегациямен МЖӘ (мемлекеттік-жекешелік әріптестік) негізінде «Орал-Индер темір жолының құрылысы және пайдалануға берілуі мен Индер-Мақат темір жолын қайта құрылымдау жобасын» іске-асыру мәселесін талқылау бойынша кездесуі болып өтті.
Сонымен қатар, әлеуетті инвесторлар өңірде келесі жобаларды іске асыруды ұсынды:

- Ойын-сауық орталығын құру және пайдалануға беру;

- Тұрғын үй кешенін құру және пайдалануға беру.

Кездесу аясында делегаттар компанияның қызметі туралы презентация өткізді және «Орал-Индер темір жолының құрылысы және пайдалануға берілуі мен Индер-Мақат темір жолын қайта құрылымдау жобасын» іске асыруға байланысты негізгі мәселелерді талқылады.

Сонымен бірге, делегаттар негізгі жобаға ілеспелі өндірістерді іске асыруға қызығушылық танытты. Біріншіден, темір-бетон шпалдарды жасау бойынша темір-бетон конструкцияларының зауытын құру керектігі атап өтілді. Екіншіден, әлеуетті итальяндық инвесторлар тарапынан құм-қиыршық тас қоспасын (ПГС) өндіру үшін Индер ауданындағы карьерлердің бірін пайдалануға рұқсат алуда көмек беруі сұралды. Болашақта құм-қиыршық тас қоспалары темір-бетон шпалдарды жасауда және жалпы темір жол құрылысы үшін пайдаланылатын болады.

Іске асырылуы мүмкін болған «Ойын-сауық орталығын құру және пайдалануға беру жобасы» бойынша егжей-тегжейлі талқылау өткізу мақсатында, тараптар Атырау қаласының әкімімен бөлек кездесуді өткізуді ұйғарды.

Кездесу соңында делегаттар үшін Мақат ауданындағы темір-жол станциясына және теміржол тораптарына барып көру ұйымдастырылды. Ол жерде делегация мүшелері жобаның іске асырылатын орындарындағы жағдаймен басы-қасында болып, егжей-тегжейлі танысты.


Мақаланың шыққан күні:: 01.08.2017 07:41
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 01.08.2017 07:41