Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.08.2020

Қызметтер

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама

 І. Кіріспе 


1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:
«Теңіз  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:
жеке/заңды тұлға,/ электронды поштаның мекенжайы/телефон нөмірі.
«Теңіз  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Приморье  елді мекені, Исатай  көшесі 29үй, 87123337507, 87123337510,87123337508.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:
басталды 4 қаңтар 2018 жыл,  аяқталды 8 қаңтар 2018 жыл.  
4. Бақыланатын кезең: 2017 жыл  шілде- желтоқсан    айларының  қызметі.

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім 
     

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
Теңіз  ауылдық округ әкімі аппараты, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын  басшылыққа алып жұмыс жасап келеді. 
Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кезде дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне «Өзіңнен баста» тақырыпта және мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде  мақалалар жарияланып келеді.
Теңіз ауылдық округі бойынша 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің іс-шара жоспары жасақталып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңына сәйкес жұмыстар жүргізілді.  Бұл заң округ әкімі аппараты қызметкерлерімен талқыланып, Заң талаптары түсіндірілді.  Әкім аппараты ғимаратының көрнекі жерінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексі», Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, «Сенім жәшігі» орнатылған.
Теңіз  ауылдық округінде 6 мемлекеттік қызметкер лауазымды міндеттеріне сай жұмыс жасайды. Бұл қызметкерлер кәсіпкерлікпен, заңға қайшы келетін табыс көздерімен жұмыс жасамайды. Жыл сайын салық басқармасына табыс және мүлік салығы туралы декларациясын тапсырып отырады.
Жыл ішінде округ бойынша заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлердің және шаруашылық құрылымдарының қызметтерінде заң шеңберінен тыс араласу, сыбайлас жемқорлық фактілері болған жоқ.
Округ тұрғындарынан түскен арыздар уақытында тіркеліп, дер кезінде қаралып, шешім қабылданып, алынған шешімдер туралы арыз берушіге жазбаша түрде хабарланады. Округтің бюджет қаржысының өз мақсатында жұмсалуы, қаржыны пайдаланудың талаптары сақталуда.
Теңіз ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8 бабтарына  және  «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты  ұсынады:
«Атырау облысы Құрманғазы ауданы  Теңіз ауылдық округі әкімінің  аппараты»мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 06 қарашадағы № 531 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жұмыс атқарады. Округте штаттық  саны 6 бірлікті құрайды.

Теңіз ауылдық округі өз қызметін атқаруда

-Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі  басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»заңы;

-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру  қағидаларын  бекіту  туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы  № 221- ІІІ «Жеке және  заңды  тұлғалардың  өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы және т.б нормативтік құқықтық актілер қолданады.

Округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметтің 2 (екі) түрін көрсетеді:

1.«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»;

Сыбайлас  жемқорлық  фактілерін  болдырмау мақсатында округте 3-75-07  сенім  телефоны  жұмыс жасайды.
Округтің  мемлекеттік мекемелерінің ғимаратында  сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас  бостандығынан және  болашағынан айырады», «Сіз мемлекеттік  қызметтер алу кезіндегі өз құқықтарыңызды  білесіз бе?» көрнекі ақпараттар ілінді.
«Теңіз ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде  сыбайлас жемқорлық құқық бұзущылық жасауға  мүмкіндік туғызатын ықпал ететін  тәуекелдер анықталған жоқ.

 


Мақаланың шыққан күні: 08.01.2018 22:43

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.01.2018 09:54

Қаралым саны: 1154