Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі, Birlik_so13@mail.ru  Бірлік ауылы, Мұхамбетшәріп Бекбаев көшесі 34Б,8(71233) 31359, 31326.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8 баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 06 қарашадағы №531 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жұмыс атқарады. Аудан әкімі өкіміне сәйкес мекеменің штаттық саны бірлікті құрайды, оның нақты саны- 5 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына 5 адам жіберіледі. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»;

- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39-ІІІ «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

заңы және т.б нормативтік құқықтық актілер қолданады.

Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметтің 1 (бір) түрін көрсетеді:

1. Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама беру;

Бірлік ауылдық округ әкімінің аппаратына 2019 жылдың ІІ жартыжылдығында жеке тұлғадан 7 өтініш келіп түсіп, 7 тұлғаның өтініштері қанағаттандырылды. Заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.

2019 жылдың ІІ жартыжылдығында, нормативтік құқықтық актілер бойынша 19 шешім, 73 өкім қабылданды. Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында округте 3-13-59 сенім телефоны жұмыс жасайды.

Әкімшілік ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың арыз, шағымдарына арналған пошта жәшігі орналастырылған.

Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін, «Мақсат- тұрмыстық жемқорлықты жою», «Кішіпейілдіктен кішіреймейсіз», «Әділдік Сенімділік Парасаттылық», «Бір пара екі қылмыскер», «Сыбайлас жемқорлық жазаланады» атты жадынамалар округ ғимаратында, мектептер, балабақшаларда күні бүгінге дейін көрнекі жерде ілініп тұр.2019 жылдың 15 қазан күні Бірлік ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Қоғамдық бақылау картасы» тақырыбында А.Иманов негізгі мектебінің акт залында түсіндіру жұмыстары өтті.

«Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың ІІ жарты жылдығына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық факторын туғызатын құқық бұзушылық анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 15.01.2020 16:46

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2020 16:46

Қаралым саны: 84