Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат «Ақкөл ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі

«Ақкөл ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі, Akkol.akimat @mail.ru , Ақкөл ауылы, Иманов көшесі 36 үй, 87123371070, 71011.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Ақкөл ауылдық округі әкім аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 06 қарашадағы № 526 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жұмыс атқарады. Округте штатық саны – 8 бірлікті құрайды. Жыл сайынғы еңбек демалысына 6 ай ішінде 5 адам еңбек демалысына жіберілді.

Ақкөл ауылдық округі өз қызметін атқаруда

-Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

және т.б. нормативтік құқықтық актілер қолданады:

Округ әкім аппараты мемлекеттік қызметтің 2 (екі) түрін көрсетеді:

1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»;

2. «Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама беру»;

Ақкөл ауылдық округі әкім аппаратына жеке тұлғалардан 2017 жылдың 6 ай ішінде 20 өтініш келіп түсіп, 3 жеке тұлғаға түсінік беріліп, 17 тұлғаның өтініштері толықтай қанағаттандырылды. Нормативтік құқықтық актілер бойынша 52- шешім, 64- өкім қабылданды.Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында, округте 7-10-11 сенім телефоны жұмыс жасайды.Әкімшілік ғимаратында, жеке және заңды тұлғалардың арыз мен шағымдарына арналған пошта жәшігі орналастырылған. 2017 жылдың 14 сәуір күні Ақкөл ауылдық округі әкім аппаратының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы жүзеге асырылуда» тақырыбында Ақкөл мәдениет үйінде конференция өткізілді. Округтің мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан және болашағыңнан айырады», «Парақорлық - балалардың арманын ұрлау» және «Парасыз қоғам- Ұлт болашағы» атты көрнекі ақпараттар ілінді. «Ақкөл ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық факторын туғызатын құқық бұзушылық анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні:: 11.07.2017 08:01
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 11.07.2017 08:01