Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.04.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ақпарат

Мекен-жайы: Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылыҚарабалин көшесі 39 үй;Электронды пошта: kzilkoga_raifo@mail.ru;

Факс-телефон нөмірі.8/71238/21202

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес «Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізді:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің персоналдық құрамы:

Салимгереева .К.А. – бөлім басшысы

Сапиев.Е.Ж – бөлімнің сектор меңгерушісі

Төлеуғалиева В.Т. – бөлімнің бас маманы

Нұғыметов.Д.М – бөлімнің бас маманы

Сабекенова.Г.Ж- бөлімнің бас маманы (декреттік демалыста)

Нәбиева.О.С- бөлімнің бас маманы (уақытша декреттік демалыстағы маманның орнына)

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 01.01.2018 ж.-16.06.2018 ж. айларының қызметі қамтылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық бөлімнің бас маманы В.Төлеуғалиеваға жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімділігі: басталды 12-16 маусым 2018 жыл.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықтау мақсатында бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріне және құқықтық актілерге талдау жүргізілді.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 Еңбек кодексі,

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексі,

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV Салық Кодексі,

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы,

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы,

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы,

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы,

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480 «Құқықтық актілер туралы» Заңы,

Қызылқоға ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 3 қазандағы №245 «Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысы негізінде жүзеге асырады.

Бөлімде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік сатып алу жұмыстары атқарылып келеді.

Қызылқоға ауданының әкімдігінің қаулысына сәйкес, бөлімнің штат саны - 5 бірлік, атап айтқанда: бөлім басшысы – 1 бірлік, сектор меңгеруші-1,бас маман – 3 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына – 2 адам (бас маман 15.02.2018ж.-01.03.2018ж. және 04.06.2018.ж.-04.07.2018.ж. аралығында) жіберілді. Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері арасында кадр қозғалысы (қызметтен босату, ауысу, қабылдау) болды Бөлімнің бас маманы Г.Сабекенова 2018 жылдың 19 ақпанынан бастап 24 маусым аралығында жүктілікке және босануға байланысты демалысқа шығып, О.Нәбиеваны 2018 жылдың 2 сәуірінде конкурстық комиссия отырысының хаттамасы негізінде уақытша міндетін атқарушы болып жұмысқа алынды.. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Бөлім арқылы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" қағаз түрінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2018 жылдың есепті мерзімінде 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Бөлімнің ұйымдаструшылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бағыты бойынша бөлім қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиелінісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ. бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақталмауы орын алған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметкерлердің этика ережесін бұзумен күрестің пәрменділігін арттыру мақсатында бөлімде

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және сенім телефоны (8/71238/21842) бөлімнің көрнекі жерінде ілініп тұр.

Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін 2018 жылдың 31 наурызына дейін тапсырылды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес 2017 жылдың 28-ші желтоқсанында аудан әкімінің № 398 өкімімен бөлім басшысы Қ.Салимгерееваға «ескерту» берілген болатын. 2018 жылдың 4 маусымындағы №207-ө өкімімен тәртіп жазасы түсірілген.

Бөлімде «Lotes Notes» бағдарламасының электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі және «Е-қызмет» жүйесі жұмыс жасайды. Бөлім қызметкерлерінің мәліметтері «Е-қызмет» жүйесінде толық енгізілген, бұйрықтарда енгізіліп отыр.

Бөлімде 01.01.2017ж.–30.06.2017ж. жағдайымен бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың тексеру жұмыстары жүргізілмеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында «Жол бермеуге тырысамыз» №24 24.05.2018.ж. «Қызылқоға» газетінде және Атырау облысы әкімдігінің ресми сайтындағы ауданның сайтында 2018-2020.ж. арналған Қызылқоға ауданының Азаматтық бюджеті, 2018 жылдың қаңтар, сәуір айларындағы бюджеттің атқарылуы туралы есеп, 2017.ж. ауданның Аумақты даму бағдарламасы бойынша жедел есептілік, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы облыс әкімінің қаулысы, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша керекті құжаттар туралы ақпарат салынды.

Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жоқ.

Бөлім бойынша прокурорлық қадағалау және сот актілері жоқ.

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агентігінің Атырау облысы бойынша департаменті республикалық мемлекеттік мекемесінің хатына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілдерінде жазылған жадынамалардың бөлімде көрнекті жерге ілінді.

Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ. Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

«Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас

жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық туғызатын анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 09.07.2018 02:25

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.07.2018 11:30

Қаралым саны: 941