Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

Бірлік ауылдық округінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

«Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8 баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Бірлік ауылдық округінде штаттық саны 4 бірлікті құрайды. Жыл сайынғы еңбек демалысына 4 ай ішінде жіберілді.

Бірлік ауылдық округі өз қызметін атқаруда.

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өз басқару туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік қызмет туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы және т.б нормативтік құқықтық актілер қолданады.

Округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметтің 2 (екі) түрін көрсетеді:

1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»;

2. «Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама беру».

Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс жасап келеді. Округ әкімі аппаратына жеке тұлғалардан 2017 жылдың 9 ай ішінде 21өтініш келіп түсіп 21 тұлғаның өтініштері толықтай қанағаттандырылды. Нормативтік құқықтық актілер бойынша 16 шешім, 81өкім қабылданды. Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында округте 3-13-59 сенім телефоны жұмыс жасайды. Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кезде дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат көздерін «Өзіңнен баста» тақырыпта және мемлекеттік қызмет

көрсету жөнінде мақалалар жарияланып келеді. Әкім аппараты ғимаратының көрнекі жерінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексі», «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары», «Сенім жәшігі» орнатылған. Бірлік ауылдық округінде 4 мемлекеттік қызметкер лауазымды міндеттеріне сай жұмыс жасайды. Бұл қызметкерлер кәсіпкерлікпен табыс және мүлік салығы туралы декларациясын уақытында тапсырып отырады. Жыл ішінде округ бойынша заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлердің және шаруашылық құрылымдарының қызметтерінде заң шеңберінен тыс араласу, сыбайлас жемқорлық фактілері болған жоқ. Округ тұрғындарынан түскен арыздар уақытында тіркеліп, дер кезінде қаралып, ешім қабылданып алынған шешімдер туралы арыз берушіге жазбаша түрде хабарланады. Бюджет қаржысының өз мақсатында жұмсалуы қаржыны пайдаланудың талаптары сақталуда. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – әлемдік тәжірибе көрсеткендей мемлекет пен қоғамның, әр бір азаматтың тығыз бірлесуі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің нәтижелі болуына мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданып іске асырылуда. Сыбайлас жемқорлық көріністері жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау әрбір қазақстандық азаматтың ұстанымына айналса ғана, жемқорлыққа қарсы шаралар нәтижелі болары сөзсіз.


Мақаланың шыққан күні: 08.11.2017 05:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.11.2017 05:56

Қаралым саны: 1066