Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат «Теңіз ауылдық округі әкім аппараты» ММ

Теңіз ауылдық округі әкім аппараты мемлекеттік мекемесі,

akim_teniz@mail.ru Приморье ауылы, Исатай көшесі-29, 87123337507, 3-75-10.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Теңіз ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8 бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 06 қарашадағы № 531 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жұмыс атқарады. Округте штаттық саны 6 бірлікті құрайды. Жыл сайынғы еңбек демалысына 6 ай ішінде 6 адам еңбек демалысын жіберілді.

Теңіз ауылдық округі өз қызметін атқаруда

-Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»заңы;

-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221- ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»заңы және т.б нормативтік құқықтық актілер қолданады.

Округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметтің 2 (екі) түрін көрсетеді:

1.«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»;

2. «Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама беру»;

Теңіз ауылдық округі әкімі аппараты жеке тұлғалардан 2017 жылдың 6 ай ішінде 20 өтініш келіп түсіп, 3 жеке тұлғаға түсінік беріліп,17 тұлғаның өтініштері толықтай қанағаттандырылды. Нормативтік құқықтық актілер бойынша 39 шешім, 48 өкім қабылданды.Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында округте 3-75-07 сенім телефоны жұмыс жасайды.

Әкімшілік ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың арыз, шағымдарына арналған пошта жәшігі орналастырылған.2017 жылдың 11 мамыр күні Теңіз ауылдық округі аппаратының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы жүзеге асырылуды» тақырыбында Приморье ауылдық клубында конференция өтті.Округтің мемлекеттік мекемелерінің ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан және болашағынан айырады», «Парасыз қоғам-Ұлт болашағы» атты көрнекі ақпараттар ілінді. «Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық факторын туғызатын құқық бұзушылық анықталған жоқ.

 


Мақаланың шыққан күні: 09.10.2017 07:14

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.10.2017 07:14

Қаралым саны: 1089