Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.03.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Киров ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8 бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Киров ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 05 қарашадағы № 523 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жұмыс атқарады. Округте штаттық саны 7 бірлікті құрайды. Жыл сайынғы еңбек демалысына 6 ай ішінде 2 адам еңбек демалысына жіберілді.

Киров ауылдық округі өз қызметін атқаруда

-Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V «Еңбек кодексі»;

-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221- ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»заңы және т.б нормативтік құқықтық актілер қолданады.

Округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметтің 2 (екі) түрін көрсетеді:

1.«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»;

2. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

2017 жылдың 6 ай ішінде жалпы саны – 103 мемлекеттік қызметттер көрсетілген. Барлық мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылған;

Киров ауылдық округі әкімі аппараты жеке тұлғалардан 2017 жылдың 6 ай ішінде 29 өтініш келіп түсіп, 5 жеке тұлғаға нақты себептері көрсетіле отырып, қанағаттандырусыз қалдырылып, 2 жеке тұлғаға түсінік беріліп, 22 тұлғаның өтініштері толықтай қанағаттандырылды. Нормативтік құқықтық актілер бойынша 33 шешім, 58 өкім қабылданды.Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында округте 3-42-75 сенім телефоны жұмыс жасайды.

Ағымдағы жылдың 1, 2 тоқсанында мемлекеттік қызметшiлер мен олардың ерлі-зайыптыларының кiрiстер мен мүліктер туралы декларацияны уақтылы тапсыру бойынша түсіндірмелі жұмыс ұйымдастырылып, бақылау

жүзеге асырылған. Барлық қызметкерлер белгіленген мерзімде декларация тапсырған. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне «Өзіңнен баста» тақырыптарында мақалалар жарияланып келеді.

Әкімшілік ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың арыз, шағымдарына арналған пошта жәшігі орналастырылған.Округтің мемлекеттік мекемелерінің ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан және болашағынан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау» атты көрнекі ақпараттар ілінді.

«Киров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық факторын туғызатын құқық бұзушылық анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 09.11.2017 23:25

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.11.2017 23:25

Қаралым саны: 785