Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.03.2020

Қызметтер

Атырау облысы Исатай ауданы мәдениет, дене шынықтыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығымен 2020 жылдың 10 қаңтарындағы №03 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды. Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

  1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:

Персональдыбасқару,соныңішіндекадрлардыңауысуы. Бөлімде 4 мемлекеттік қызметкер жұмыс атқарады. Олар басшы, бас маман, бас маман бас маман-есепші. Исатай ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 тамыздағы №226 өкіміне сәйкес бөлім басшысы өзінің өтінішіне сәйкес жұмыстан босатылды – басшы лауазымы - вакант. Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының 2019 жылғы 5 қарашасындағы №27 бұйрығына сәйкес бас маманның міндетін атқарушы жұмысқа қабылданды. Исатай ауданы әкімінің 2019 жылғы 27 қарашадағы №333 өкіміне сәйкес бөлімінің бас маманы өзінің өтінішіне сәйкес жұмыстан босатылды.

2)Мүдделер қақтығысы-2019 жылғы ІІ жартыжылдығы жағдай бойынша мүдделер қақтығысы болған жоқ;

3) Бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі: 2019 жылғы ІІ жартыжылдығы жағдайымен мемлекеттік көрсетулер болған жоқ

4) Рұқсат беру функциялары – бөлімде рұқсат беру функиялары қарастырылмаған.

5) Бақылау функцияларын іске асыру бөлімде бақылау функциялары іске асырылмайды;

6) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

-Исатай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы №16 қаулысымен бекітілген «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықытыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже;

2.Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері- бөлімге:Атырау облысы әкімінің А.Н.Ноғаевтың 2019 жылғы 10 маусымдағы №01-23-7/17 аудиторлық іс-шараны жүргізуге тапсырмасы негізінде тексеру жүргізілді. Бақылау түрі: сәйкестік аудит. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністері анықталмаған.

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар- жоқ

4) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша–бөлімге 2019 жылдың І жартыжылдығы бойынша 6 өтініш келіп түсті, оның 5-уі жеке тұлғадан, 1-уі заңды тұлғадан барлығына уақытында жауап берілді. Мерзімін бұзу фактілері орыналмады. Сонымен қатар, бөлім орналасқан ғимаратта жеке және заңды тұрғалардан келіп түскен өтініштерді қабылдау жәшігі орналасқан. Ай сайын аталған жәшік ашылып, бұл жөнінде тиісті акт жасалады.

5) прокурорлық қадағалау актiлерi жоқ;

6) сот актілері-басқармабойынша сот актілерітүскен - жоқ.

Жұмыс тобының құрамы:

С.Шагиров

Г.Мухтарова

Ш.Максутова


Мақаланың шыққан күні: 14.01.2020 18:36

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.01.2020 18:36

Қаралым саны: 96