Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.07.2020

Қызметтер

2018 жылдың ІІ жартыжылдығына «Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ақпарат

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Аудандық бөлім қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 маусымдағы №195 «Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 9 ақпандағы №47 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» қаулысының қосымшасына сәйкес бөлімнің штаттық саны-3 бірлікті құрайды, оның нақты саны - 3 бірлік.

Жыл сайынғы еңбек демалысына - 3 адам жіберілді.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.

* «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы Конституция;

* «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Кодексі;

* «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 Қазақстан Республикасының Заңы;

* «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы;

* Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

* Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

* Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;

* 100 нақты қадам - Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы;

* Қазақстан Республикасының Әдеп Кодексі;

* Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы».

Бөлімге қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

2018 жылдың ІІ жартыжылдығының қорытындысы бойынша тікелей бөлім басшысының атына өтініш түскен жоқ.

2018 жылдың ІІ жартыжылдығының қорытындысы бойынша бөлім басшысының 66 бұйрығы қабылданған, соның ішінде: еңбек демалысын беру-3, бөлімнің бюджетіне

байланысты шыққан-10, бөлімнің қызметкерлерінің іс-сапарға бару туралы-4, жұмысқа алу туралы-7, бөлімнің жұмысын ұйымдастыруға байланысты шыққан-42.

Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған.

Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында бөлімде 871233 2-07-47 сенім телефоны жұмыс жасайды

Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде тапсырған.

Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара берсең жазаланасың», «Парақорлық- балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді.

Бөлім бақылау қызметін жүзеге асырмайды.

Бөлімнің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 04.01.2019 11:51

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.01.2019 11:51

Қаралым саны: 749