Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.04.2020

Қызметтер

2019 жылдың І жартыжылдығына «Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ақпарат

Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі 25, тел: 8(71233) 2-06-38

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Аудандық бөлім қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 маусымдағы №195 «Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 9 ақпандағы №47 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» қаулысының қосымшасына сәйкес бөлімнің штаттық саны-3 бірлікті құрайды, оның нақты саны - 3 бірлік.

Жыл сайынғы еңбек демалысына - 4 адам жіберілді.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.

- «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы Конституция;

- «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Кодексі;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;

- 100 нақты қадам - Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы;

- Қазақстан Республикасының Әдеп Кодексі;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы».

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі;

Бөлімге қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша тікелей бөлім басшысының атына өтініш түскен жоқ.

2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша бөлім басшысының 42 бұйрығы қабылданған, соның ішінде: еңбек демалысын беру-3, бөлімнің бюджетіне байланысты шыққан-7, бөлімнің қызметкерлерінің іс-сапарға бару туралы-5, жұмысқа алу туралы-8, жұмыстан босату туралы-2, бөлімнің жұмысын ұйымдастыруға байланысты шыққан-17.

Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған.

Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында бөлімде 871233 2-06-38 сенім телефоны жұмыс жасайды.

Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде тапсырған.

Бөлім бақылау қызметін жүзеге асырмайды.

Бөлімнің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 10.09.2019 10:02

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.09.2019 10:02

Қаралым саны: 266