Array Атырау облысының діни ахуал бойынша ақпарат | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.04.2017

Қызметтер

Атырау облысының діни ахуал бойынша ақпарат

Діни бірлестіктер мен филиалдар саны

Облыс көлемінде 4 діни конфессияға енетін 41 жергілікті діни бірлестіктер жұмыс жасауда. Оның ішінде бағыттары бойынша: исламдық – 29, православиелік – 3; католиктік -2; протестанттық – 7.

Миссионерлік қызмет туралы

Облыста заңды түрде тіркелген 11 миссионерлер жұмыс атқаруда. Олар: католиктік – 10, христиандық-православ бағытында – 1.

Ақпараттық-түсіндіру топтардың (АТТ) қызметі туралы

Қазіргі кезде Атырау облысында 2 облыстық, 2 қалалық, 10 аудандық ақпараттық-түсіндіру топтар (АТТ) жұмыс жасауда.

Жалпы, барлық деңгейдегі АТТ құрамдарына 137 адам енгізілген. Оның ішінде: облыстық АТТ құрамына - 21, қалалық, аудандық АТТ-р құрамына – 116.

2016 жылы жалпы АТТ тарапынан өткізілген кездесулердің саны 95 болса, олар бойынша қамтылғандардың адамдардың саны 5343 адамды құрап отыр.

Облыстық АТТ тарапынан 52 кездесулер өткізіліп, оларға 3057 жуық адам қамтылды. Ал, қалалық, аудандық АТТ тарапынан 43 кездесулер өткізіліп, 2286 адамнан аса адам қамтылды.

Бұлардан бөлек, бекітілген кестеге сәйкес 2016 жылы студент-жастардың қатысуымен 74 кездесу өткізілді.

БАҚ-ғы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Облыстық, қалалық, аудандық телеарналарда діни тақырыпта ашылып, жұмыс жасап жатқан арнайы бағдарламалар жұмыстарын жалғастыруда.

2016 жылы дін саласы бойынша жергілікті телеарналарда діни тақырыптарда 26 көрсетілімдер мен сюжеттер, «Қазақстан-Атырау» радиосында 22 хабарлар шығарылды.

Жалпы, 2016 жылдың мамыр айына дейін дін саласына қатысты басылымдарда 130-дан астам мақалалар жарық көрді.

Интернет-ресурстармен жұмыстар

Діни экстремизм мен терроризм көріністерін тарататын діни сайттарға қарсы тұру мақсатында Атырау облысыны Дін істері басқармасының «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ-нің www.centrе-ato.kz интернет-сайтына діни ахуалды тұрақтандыру бағытында 2016 жылдың басынан 38 іс-шаралар, 48 мақалалар енгізілді.


Мақаланың шыққан күні:: 12.07.2016 10:23
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.07.2016 10:23