Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.12.2017

Қызметтер

Атырау облысында білім саласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру бағытында жүргізілген жұмыстар туралы

Қазақстан Республикасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын жүзеге асыру мақсатында бекітілген іс-шаралар жоспарға сәйкес аудандық, қалалық білім бөлімдерінде, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жұмыстар жүргізілуде.

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы №168 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Атырау облысының іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысының жүзеге асырылуы туралы мәселе облыстық білім беру басқармасының кезекті алқа мәжілісінде тыңдалды.

Сондай-ақ, облыстық білім беру басқармасы басшысының жанындағы кеңес барысында қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің басшыларына, облыстық білім беру ұйымдарының басшыларына сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өз лауазымдық өкілеттіктерін бұлжытпай орындап, заң бұзушылықтарды болдырмауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Аппарат қызметкерлерінің арнайы тексеруден өткен анықтамалары, сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарымен белгіленген жазбаша шектеулері, табыстар мен мүліктер жөніндегі декларациялары жылма-жыл уақытылы тапсырылып тұрады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заң талаптарының орындалысына бақылау жасалуда.

Басқарма басшысының Халыққа қызмет көрсету орталығында айына 2 рет және «Нұр Отан» Партиясы Атырау облыстық филиалының кестесіне сәйкес азаматтарды қабылдауы өтеді. Қабылдауларда шағымданушылар тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы арыздар болған жоқ.

Білім беру басқармасына түскен арыздар қаралып, шағымданушыларға сәйкесінше жауап беріледі. (Арыздардың көпшілігі оқу ақысы туралы, лагерьге жолдама, мұғалімдердің жоғары санат, жұмыс сұрау, балабақшадан орын алу, т.б.).

Мектеп қажеттілігіне ақша жинау жөніндегі басқармаға тіркелген фактілер, арыз-шағымдар 2015-2016 жылы болған жоқ. Бұл бағытта мектеп педагогикалық ұжымдарында және ата-аналар арасында түсінік жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен 2 рет семинар өткізілді.

Атырау облысы Білім беру басқармасының бұйрығымен жылда оқушылар арасында мектеп бітіру кештері және тағы да басқа мерекелік шараларды арнайы көңіл көтеретін мекемелерге өткізуге, білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстарын жүргізуге, мектеп бітіру кеші мен мектепішілік әртүрлі шараларды өткізуге, т.б. мақсаттарда ата-аналардан, оқушылардан, мұғалімдерден ақша жинауға қатаң тыйым салу туралы тапсырма берілді.

Барлық облыстық білім беру бөлімдері мен білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойыншаіс-шаралар жоспарлары жасақталып, ақша

жинау және сыйлықтар алу фактілерін болдырмауды қадағалайтын комиссиялар құрылды.

Сонымен қатар облыстық дарынды балалар мектептеріне және колледждерге білім алушыларды оқуға қабылдау ережелерін сақтау Білім беру басқармасы тарапынан қатаң бақыланады. Осы мәселеге байланысты ата-аналар тарапынан арыз-шағымдар түскен жоқ.

Балабақшаларда, мектептерде, колледждерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында тәрбиелік шараларды өткізудің Тұжырымдамасы жасақталды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер және жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі әзірлеген «Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» бағдарламасына сәйкес 85 мектепте «Адал ұрпақ» клубы» құрылып, оған 1181 оқушы қамтылған. Бағдарламаға сәйкес 89 мектепте «Парасатты азамат» бұрышы жасақталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жоспарға сәйкес сынып сағаттары, тәрбиелік шаралар, театрландырылған көріністер байқауы, Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер өткізіліп тұрады.

Атырау облысы Білім беру басқармасында, қалалық, аудандық білім бөлімдерінде, басқармаға қарасты оқу орындарының ғимараттарында жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктері оңтайлы жұмыс жасайды.

Атырау облыстық білім беру басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 35-43-27 сенім телефоны орнатылған. Телефон басқарманың www.atyrau.gov.kz веб-сайтына, облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттері беттерінде жарияланып тұрады.


Мақаланың шыққан күні:: 06.12.2016 16:26
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 06.12.2016 16:26