Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдармалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлама

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік  бағдарламалар  және  азаматтық  хал актілерін  тіркеу  бөлімі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 28 сәуір 2015 жылғы №279 бұйрығын басшылыққа алып, бөлімде  26 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Есепті уақытта 1377 қызмет көрсетілді.

Есепті уақытта уәкілетті органға  2018 жылдың қаңтар 265  адам жұмыссыздық жөнінде жолығыс жасап, ресми түрде жұмыссыз ретінде есепке тіркелді, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады.                                                                    

Лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бағытында жыл басынан бері бос жұмыс орындарына сұраныстар  бойынша 464  адам жұмысқа жолданған.  Оның ішінде: жастар тәжірибесіне – 23, әлеуметтік  жұмыс  орындарына – 26, қоғамдық жұмысқа -402,    ауданға және облыстық мекемелерге жолданғандар –13  адам.

2018 жылы аудан бойынша  4 мүгедек жұмыссыздар есебінде тіркелген, есепті мерзімінде тіркелген мүгедектердің,  4-і -ақылы қоғамдық   жұмысқа жолданды.

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша 26 адам 10 кәсіпкерде ашылған әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша отбасы саны 169, алушы адам саны 944.

Аудан бойынша мүгедек жандардың  саны 2346  адам.18 жасқа дейінгі мүгедек 262 бала, 16 жасқа дейін 232 бала.Міндетті гигиеналық құралдармен 2018 жылы 135 адам қамтылып отыр.

Аудан бойынша 2018 жылы 17 ауылдық округтер арқылы  22 әлеуметтік қызметкер 77 жалғыз басты қариялармен мүгедектерге  және 14 әлеуметтік қызметкер  53 мүмкіндігі шектеулі  балаларға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді.

«Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» 2017 жылдың 4 мамырында құрылып, заңды мекеме ретінде тіркеліп Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165  «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы» бұйрығына сәйкес өз жұмысын атқаруда.

Орталықта психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, психоневрологиялық ауруы бар ересек мүгедектерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, қартайған жасына байланысты өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын тұлғаларға және жартылай стационарлық  жағдайда психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

 


Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 2018 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы

Халықты жұмыспен қамту бойынша:

Уәкілетті органға (жұмыспен қамту орталығына) 2018 жылдың 12 айында 2940 адам жұмыссыздық жөнінде жолығыс жасап, ресми түрде жұмыссыз ретінде есепке тіркелді, жұмыссыздық деңгейі 3,7 пайызды құрады.

2018 жылы желтоқсан айында 2399 жаңа жұмыс орны ашылды, 679–і тұрақты, 1720–і уақытша. Жаңа жұмыс орындар төмендегі салалар бойынша ашылды: ауыл шаруашылығы–145, өнеркәсіп–3, құрылыс– 25, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер–41, білім–279, экономикалық қызметтің басқа түрлері–1906 жұмыс орындары, бағдарлама бойынша бос жұмыс орындарына орналасқаны–2599 адам.

2018 жылы 69 мүгедек жұмыссыздар есебінде тіркелген, 28-і жолдамамен тұрақты жұмысқа орналасты, 3 жастар практикасына жолданды, 1 мүгедек қысқа мерзімді оқуға жолданып, 38-і–ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды.

2018 жылы жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмек жасау бағытында аудандық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған 33 мекеме өкілдері қатысып, 1158 бос жұмыс орындар ұсынылды, барлығы қатысқан 544 адам, жұмысқа қабылданғаны 425 адам.

Пробация қызмет есебінде тіркелген жалпы адам санының ішінен 18-і жұмыспен қамту орталығына хабарласып, 16-ы жұмыссыздар есебіне тіркелді, 6-уы қоғамдық жұмысқа орналасты.

Бірінші бағыт бойынша:

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» бойынша 2018 жылы «техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау» бойынша Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжіне 23 адам, Атырау қаласындағы колледждерге 10 адам, барлығы 33 адам кәсіптік оқуға жолданды. Жұмыссыздардың ішінен қысқа мерзімдік курстарына 57 адам жолданды. 11 жұмыссыз қайта даярлау курстарында оқып шықты. Бұл мақсатқа жоспарланған 11102,0 мың теңге қаржы толық игерілді. Оқығандардың ішінен 20 адам жұмысқа орналасты.

Жұмыс берушілер арқылы жыл ішінде барлығы 80 адам қайта даярлау курстарына жолданып, оның 65 оқуын аяқтады, қалған 15 оқуларын жалғастыруда. 2018 жыл ішінде жұмыс берушілер арқылы қысқа мерзімді оқуларында оқығандардың ішінен 38 адам жұмысқа орналасты.

Екінші бағыт бойынша:

2018 жылы Бастау-Бизнес бағдарламасы арқылы несие алу мақсаты бар 257 адамды 1 айлық курстарда аудан орталығында оқыту жоспарланды. Жыл қорытындысымен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы аудан

орталығында 262 адам оқыды. Жыл ішінде 64 адам әр түрлі бағытта 213,695 млн теңге шағын несие алып, кәсіптерін ашты.

Сонымен бірге үстіміздегі жылы қысқа мерзімдік курста оқыған 3 адам 100 айлық есептік мөлшерінде 240,5 мың теңге, барлығы 721,5 мың теңге көлемінде грант (қайтарымсыз қаржы) алды.

Алыс мал жайылымындағы шаруашылықтар үшін инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 11,400 млн теңге аудандық құрылыс бөлімі арқылы қаржы бөлініп, оған осы бөлім мемлекеттік сатып алу арқылы 5 комплект күн батарейкаларын сатып алып, орнатты. Оған мемлекет тарапынан 9504,0 мың теңге қаржы жаратылды.

Үшінші бағыт бойынша:

1. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша 26 адамға 5775,0 мың теңге қаржы қаралып, жыл ішінде 40 адам 19 жеке кәсіпкер, шаруа қожалықтарында ашылған әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Бұл мақсатқа бөлінген қаржы толық игерілді.

2. Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 85 адамға 30,664 млн теңге қаржы қаралып, жыл ішінде 140 адам 32 мекемеге жастар тәжірибесіне тәжірибеден өтуге жолданды. Жыл ішінде жоспарлы қаржы толық игерілді.

3. Қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша 750 адамға 179747 мың теңге қаржы қаралып, жыл басынан бері 1188 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, оларға қаралған қаржы толық игерілді.

4. Бағдарламаның үшінші бағыты «инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 2018 жылда Құрманғазы ауданында күрделі жөндеу жұмыстары Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебінде, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде жасалды. Оларда 9 адам уақытша жұмыспен қамтылды.

Жыл ішінде барлық 19 ауылдық округтерде аудандық жұмыспен қамту орталығының директорының қатысуымен сәуір-қыркүйек айлар аралығында ауыл тұрғындарының, жеке кәсіпкерлер мен шаруа шаруашылықтарының қатысуымен 38 жиындар өткізіліп, оларға 1520 адам қатысты. Жиналыстың негізгі мақсаты Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын халыққа түсіндіру және «Еңбек шартын жасаңыз!» атты республикалық акциясын насихаттау болды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтарды, жұмыссыздарды оқыту және жұмысқа орналастыру бойынша қызметтер көрсету үшін жеке жұмыспен қамту агентігін ашу мақсатында 2019 жылға бюджеттік өтінім жасап жергілікті бюджет есебінен 1 млн. теңге қаражат беріліп отыр.

 

Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша (ШАК):

2018 жылдың желтоқсан айында жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша отбасы саны 420, алушы адам саны 2254. Еңбекке

қабілеттілер барлығы-480 адам, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен еңбекке жарамды адамдардың үлесі 21,3 пайызды құрап отыр. Биылғы жыл басынан бері АӘК алушылар ішінен 77 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, 145 адам тұрақты жұмысқа орналасты, әлеуметтік жұмыс орнына 2 адам, қайта даярлау курсына 2 адам жолданды. Республикалық бюджет арқылы 110533,2 мың теңге төленді.

Тұрғын үй көмегі бойынша:

2018 жылдың 12 айында тұрғын үй көмегі 62 отбасынан 333 адамға 5529,8 мың теңге мөлшерінде төленді.

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша берілетін әлеуметтік көмек бойынша:

Аудандық мәслихаттың 11.12.2013 жылғы №258-V шешіміне сәйкес, бұрынғы Азғыр полигонымен шектелетін Асан, Азғыр, Сүйіндік ауылдық округтеріне қарасты елді мекендерде тұратын І топ мүгедектеріне–2 АЕК, ІІ топ мүгедектеріне–1,5 АЕК, ІІІ топ мүгедектеріне–1 АЕК, 18 жасқа дейінгі бала–мүгедектерге–2 АЕК мөлшерлерінде ай сайын әлеуметтік көмек тағайындау белгіленіп, 2018 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша 254 мүгедекке, жалпы сомасы 9629,4 мың теңгенің әлеуметтік көмегі төленді.

Өмірлік қиын жағдайына түскен аз қамтылған отбасыларға 2018 жылдың 12 айында 50 азаматқа, жалпы сомасы 1526,0 мың теңге бір жолғы көмек төленді.

Туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес амбулаториялық ем алу кезеңіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындау белгіленіп, 2018 жылда 175 адамға–жалпы сомасы 23256,3 мың теңгенің әлеуметтік көмегі төленді.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін білім және әлеуметтік сала қызметкерлеріне отын сатып алу үшін берілетін біржолғы әлеуметтік көмек 2018 жылдың 12 айында 1762 адамға 8810,0 мың теңге төленді.

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша:

2018 жылдың желтоқсан айында аудан бойынша жеке кәсіпкерлердің 5 сауда нүктелері арқылы аз қамтылған 9 отбасындағы 54 адамға барлығы 171710 теңгенің 6 тағам түрі (ұн-495кг, макарон-152 кг, өсімдік майы-64л, шәй-8кг 750гр, күріш- 135кг, қант- 164кг) 6%-30% аралығында жеңілдетілген бағамен берілді.

 

Мүгедектерді оңалту бойынша:

Аудан бойынша 2018 жылдың желтоқсан айында мүгедек жандардың саны 2703 адам ( І топ - 189, ІІ топ- 1224, ІІІ топ - 1021,18 жасқа дейінгі мүгедек 269 бала (І топ - 2, ІІ топ- 14, ІІІ топ -16, 16 жасқа дейін бала -237) болып отыр.Тифлотехникалық құралдармен 84 адам (9-ноутбукпен,

16-сағатпен, 16-термометрмен, 7-ұялы телефонмен, 3-оқу машинасымен, 3-тонометрмен, 3-жазу құралымен, 3-жазу грифелімен, 2-жазу қағазымен, 12-тифлотаяқпен,10-плейермен) қамтылды. Сурдотехникалық құралмен 51 адам (15-ұялы телефонмен, 5-көпфункционалды дабылды жүйемен, 11-сағатпен, 9-вебкамерасы бар ноутбукпен, 1-дауыс шығаратын аппаратпен, 10-есту аппаратымен) қамтылды. Кресло арбамен 40 адам (6-ересектерге арналған бөлмелік кресло арбамен, 15-ересектерге арналған серуендік кресло арбамен 6-балаларға арналған бөлмелік кресло арбамен, 10-балаларға арналған серуендік кресло арбамен,3-жасөспірімдік серуендік кресло арбамен) қамтылды. Протездік-ортопедиялық құралдармен 50 адам (18-таяқпен, 8–жетек арбамен, 1-таяқ тіреуішпен, 2-балдақпен, 1-қақпақ ашқышпен, 1- жейде киюге арналған құрылғымен, 1- ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағышпен, 1 шұлық киюге арналған құрылғымен, 2 қол протезімен, 1 жаңа технологиялық жамбас протезі, 4-омырау протезі, 10-ортопедиялық аяқ киіммен) қамтылды.

Санатор курорттық емделуге жолдамамен 83 адам қамтылды. Облыстық сауықтыру орталығына емделуге 46 адам жолданды.

Міндетті гигиеналық құралдармен 2018 жылы 150 адам қамтуға жоспарланып, 130 мүгедек жөргекпен, 8 мүгедек нәжіс қабылдағышпен, 1 мүгедек несеп қабылдағышпен, 1 мүгедек кататермен,10 адам гигиеналық кремдермен қамтылып отыр .

Аудан бойынша 2018 жылы 17 ауылдық округтер арқылы 21 әлеуметтік қызметкер 71 жалғыз басты қариялармен мүгедектерге және 14 әлеуметтік қызметкер 49 мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетті.

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 51 бірінші топ мүгедегіне мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 51 жеке көмекші әлеуметтік қызмет көрсетілді. Ол мақсатқа 19789,0 мың теңге қаралып, толық игерілді.

Мүгедек баласын үйден оқытып отырған 40 отбасына 1542,0 мың теңге қаралып, 1512,264 мың теңге игерілді. Коммуналдық қызметтер үшін 46 алушыға (ауған жауынгері, әскер жесірі, тыл еңбеккері) 7980 мың теңге қаралып, 7880,0 теңгесі игерілді.

Атаулы күндер мен мереке күндеріне байланысты 2428 адамға 54680 мың теңгенің бір жолғы көмегі төленді.

«Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» 2017 жылдың 4 мамырында құрылып, заңды мекеме ретінде тіркеліп Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы» бұйрығына сәйкес өз жұмысын бастады.

Мекеме ашылған уақыттан бастап мүмкіндігі шектеулі 20 баланы қабылдап қамтып отыр.

Орталықта отыз екі қызметкер жұмыс жасайды. Қызмет түрлері 8-бағыттан тұрады. Атап өтсек, олар: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметттік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету.

Орталықта асхана, екі жатын бөлмесі, ойын және акт зал, қабылдау бөлмесі, дәрігерлер бөлмесі, сенсорлық және басқа да мамандар бөлмесі орналасқан. Алға қарай мекеме тек мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді ғана емес, егде жастағы мүгедектер мен қартарды қамтуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта орталыққа ғимарат салынып берілуі үшін аудан әкімінің қаулысымен Самаркин елді мекенінен жер телімі берілді.

 

Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша:

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбалар өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша биылғы жылдың 12 айында барлығы 1032 жаңа туған бала тіркелді.

«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу оның ішінде азаматтық хал актілер жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша биылғы жылдың 12 айында барлығы 257 неке тіркелсе, оның ішінде 201 веб-портал арқылы түскен электрондық өтініштер бойынша тіркелді.

«Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбалары өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша биылғы жылдың 12 айында барлығы 77 балаға қатысты әке тану жүргізілді.

«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша биылғы жылдың 12 айында барлығы 1 тұлғаға қатысты туу туралы акт жазбасы қалпына келтірілді.

«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша биылғы жылдың 12 айында барлығы 367 қайтыс болу тіркелді.

«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша биылғы жылдың 12 айында барлығы 82 отбасыға қатысты неке бұзу тіркеліп, мемлекеттік куәліктер берілді.

Бөлім басшысы А.Муса

 


Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жасақталған жоспарға сай жұмыстар атқарылып келеді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 28 сәуір 2015 жылғы №279 бұйрығын басшылыққа алып, бөлімде 27 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетуді халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесе отырып атқарып келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметтерін түсіндіретін жұмыспен қамту аясындағы заңнамаларымен таныстыру, насихаттау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары аудандық «Серпер» газетіне «Мүгедектерден мемлекеттік сатып алу» 14.06.2016 жыл №15, «Кресло-арба» алу үшін 02.06.2016 жылы №22, «Халыққа жол» марафоны аясында 28.07.2016 жылы №30 сандарына мақалалар жарияланды.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңын басшылыққа алып, бөлімнің мемлекеттік сатып алулары мемлекеттік сатып алу порталында электронды түрде жүргізіліп отыр.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бөлімде «Сенім телефоны» орнатылған. Ол жөнінде ақпарат бөлім ғимаратына кіре берісте көрнекі жерде орнатылған. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарына арналған «Сенім жәшігі» бар.

Жәшікке түскен ұсыныс-пікірлерді алып, сараптау үшін комиссия құрылған. Бұл комиссия сенім жәшігін аптаға бір рет қаралып, хаттамалары жасалып отырады.


Бөлім бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетудің 27 түрі бойынша қызмет көрсетеді.

2018 жылдың 12 айында жергілікті атқарушы орган арқылы 11329 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, қызметті 12645 адам алған. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 3281 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, қызметті 3221 адам алған, электрондық формат түрінде 708 қызмет көрсетілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, атап айтқанда, аудандық «Серпер» газетіне 2018 жылдың 22 ақпанында «Атаулы әлеуметтік көмек төлеудің жаңа тәртібі», 8 наурызында ««Парыз» конкурсына шақырады», 21 наурызында «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі», 29 наурызында «Бірыңғай қабылдау күні», «Еңбек шартын жасаңыз», 13 қыркүйекте «Жұмыссыз болсаң бізге кел!», 1 қарашада «Жұмысқа тұрғандар саны-318», 29 қарашада «Тұрғын үй көмегі кімге тиесілі» атты мақалалар жарияланды.

2018 жылдың 7 маусымда Сафон ауылдық округі, 11 маусымда Орлы ауылында, 14 маусым күні Балқұдық ауылында, 15 маусымда Еңбекші ауылдық округі «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын» бағдарламасын түсіндіру жөніндегі түсінік жұмыстарын жүргізу бағытында ауылдық округ әкімдері мен халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенттерінің қатысуымен, ауыл тұрғындарымен жиналыс өткізілді.

14 маусым күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бекітілген іс-шара жоспарын орындау мақсатында аудандық зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Мүмкіндігі шектеулі жандарды қорғауда мемлекеттік көрсетіліп жатқан қызметтер» тақырыбында бөлім басшысы, орталықтың қызметкерлерінің, қоғамдық ұйым өкілдері және орталықтан арнаулы әлеуметтік қызмет алып жүрген мүгедек балалардың ата-аналарының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

2018 жылдың ішінде бөлім бойынша электронды форматта заңды тұлғадан 5 өтініш келіп түсті. Келіп түскен өтініштерге заңға сәйкес жауаптар берілді.


Мақаланың шыққан күні: 14.03.2017 18:48

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.01.2019 15:07

Қаралым саны: 1643