Array Құрманғазы аудандық ауылшаруашылық бөлімі бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлама | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.04.2017

Қызметтер

Құрманғазы аудандық ауылшаруашылық бөлімі бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлама

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссиясының 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес аудандық ауылшаруашылық бөлімінде (бұдан әрі- бөлім) біркелкі жұмыстар атқарылуда.

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлықпен күрес қарқын алып келеді, осы бағытта аудандық ауылшаруашылығы бөлімінде мемлекеттік қызметші қандай этикалық нормаларды білу керектігі туралы ақпарат тақтаға ілінді.

Атқарылған жұмыс туралы бақылау журналы ашылды, бөлім басшысының телефоны 2-01-53 сенім телефоны ретінде жұмыс жасайды, бұл аудандық бұқаралық ақпаратқа жарияланды, аудандық «Серпер» газетіне 2016 жылдың 23 қаңтардағы «Техникалық байқаудан тыс қалмайық» атты мақаласы және 2016 жылдың 14 қаңтардағы «Ауыл шаруашылық субсидия төлеу қағидалары», 2016 жылдың 1 қыркүйегінде «Егіншілерге қаржылай көмек беріледі» атты мақалалары жарияланды.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуі туралы бөлімде 2016 жылдың 18 қазанында ұжым мүшелері және құқық қорғау органдары, шаруа қожалық басшылары қатысуымен жиналыс өтті. Онда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, субсидияға байланысты кететін кемшіліктердің орын алмауына тағыда сол сияқты бөлімде атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Жалпы бөлімде Ауыл шаруашылығы саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты мен регламентінің тақтайшалары орнатылған.

Әр түрлі бағыттағы дотация және субсидия төленетін материялдарға әдейі дело жасақталды. Егін шаруашылығында субсидия төленетін егістік жер көлемі нақтыланды. Мал шаруашылығы бойынша мал бастары тіркелгенбе, базаға енгізілгенбе, басқа да заңға сәйкестігі бақылауда ұсталуда.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзу фактілерін болдырмау мақсатында арыздармен өтініштер уақытылы қаралып, ай сайын – негізгі үлгідегі есебі беріліп отыр. (Сыбайлас жемқорлық жөнінде бөлімге арыз-шағымдар түскен жоқ).

Мемлекеттік қызмет атқаратын азаматтардың және олардың жұбайларының мүлкімен табысы туралы декларациялары кіріс комитетіне уақытында сапалы тапсырылуы жүзеге асырылып келеді.

Бөлімде атқарылатын барлық жұмыстар заң шеңберінде атқарылып, оның орындалуы үнемі қатаң қадағаланып отыр.

Бөлім басшысының
міндетін атқарушы С.Қабдолов


Мақаланың шыққан күні:: 14.03.2017 15:50
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 14.03.2017 15:50