Array Құрманғазы ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, І тоқсанда көзделген мәселелерге байланысты Дыңғызыл ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстардан хабарлама | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.04.2017

Қызметтер

Құрманғазы ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, І тоқсанда көзделген мәселелерге байланысты Дыңғызыл ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстардан хабарлама

Дыңғызыл ауылдық округі бойынша 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің іс-шара жоспары жасақталып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес жұмыстар жүргізілді. Округ кеңсесінде бұл заң округ әкімі аппаратының қызметкерлерімен бірге талқыланып, Заң талаптары түсіндірілді.

Дыңғызыл ауылдық округінде 5 (бес) мемлекеттік қызметкер лауазымды міндеттеріне сай жұмыс атқарады. Жыл сайын мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік кірістер басқармасына табыс және мүлік салығы туралы декларациясын уақытында тапсырып отырады. Округ кеңсесінің дәлізінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» комиссиясының «Сенім жәшігі» орнатылған, сенім телефоны жұмыс жасайды 3-94-34. Округтегі мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасының сақталуын үнемі талап ету, өздері азаматтардан сыйақы, сыйлық, басқа да заттай қымбат бұйымдар қабылдауына жол бермеу және мемлекеттік құпияны үнемі сақтап отыруын, азаматтардың ар-намысына тиетін, артықшылық көрсетілетін жағдайларға жол бермеуі үнемі бақылауда ұсталып отыр. Мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлықтың фактілерін жасырғандығы немесе жалған ақпарат бергендігі үшін қаншалықты жауапты екендіктері ескертіліп, заң талаптары түсіндіріліп отырылады.

Әкім аппаратының ғимаратының көрнекі жерінде Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілінде жазылған жадынамалар орнатылды. Азаматтардың өтініштері мен шағымдары есепке алынып, тіркеу жұмыстары жүргізіліп отыр.Округ бойынша І-ші тоқсанда заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлердің және шаруашылық құрылымдарының қызметтерінде заң шеңберінен тыс араласу, сыбайлас жемқорлық фактілері болған жоқ. Жеке тұлғалардан түскен арыздар уақытында тіркеліп, дер кезінде қаралып, шешім қабылданып, алынған шешімдер туралы арыз берушіге жазбаша түрде хабарланады. Округтің бюджет қаржысының өз мақсатында жұмсалуы, қаржыны пайдаланудың талаптары сақталуда. Округке қарасты Д.Нүрпейісова орта мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын түсіндіру бағытында жиналыс өткізілді. Жиналыста мектеп директоры Б.Бекжанов баяндама жасады. Мұғалімдер мен мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті түсіндіріп, насихаттау мақсатында «Парасатты азамат» тақырыбында стенд шығарылды. Мектептерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде оқушылар арасында адалдық, дұрыс жолмен жүру, бөгде адамның мүлкіне қол сұқпау туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп, қатаң ескертілді.

Округке қарасты мекемелерге сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және алдын алу мақсатында, фактілер байқалған жағдайда дер кезінде округ әкіміне және заң орындарына хабарлау керектігі айтылып, ескертілді. «Айжан» бала бақшасының ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жұмыстарына арналған ақпараттық түсіндірме тақырыбында стенді орнатылған.

Округке қарасты Д.Нүрпейсова, Ж.Нәжімеденов мектептерінде және «Айжан» балабақшасының кіреберістеріне «Құрметті ата-аналар ақша жинауға тиым салынады» тақырыбындағы стендіні ілінді.

Аудан әкімінің веб-сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тауарлардың жұмыс жасауын қамтамасыз ету мақсатында, округтегі атқарылған шаралардың мәліметтерін орналастыру үшін қазақша және орысша мәтінде аудандық ішкі саясат бөліміне жолданып отыр. Округ бойынша сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу бағытында атқарылып жатырған жұмыстардың барлығы да мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу саясатын насихаттауға негізделген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесі Елбасының жариялаған бес институционалдық реформаларын жүзеге асырудағы Ұлт жоспарында орын алып, 13-ші қадамында нақты көрсетілген. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресу тек мемлекеттің ғана емес, барлық азаматтардың, қоғамның ортақ міндеті болып табылатыны сөзсіз.

Алдағы қарай да сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау бағытындағы атқарылып жатырған іс-шаралар жалғасын таба береді.

Округ әкімі: О.Азимов


Мақаланың шыққан күні:: 12.04.2017 10:51
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.04.2017 10:51