Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.10.2017

Қызметтер

Теңіз ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде атқарылған шаралар

«Құрманғазы ауданында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру бойынша іс шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында окруте іс-шаралар жоспары жасақталып жұмыстар атқарылды.

Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында, осындай фактілерді байқаған жағдайда Теңіз ауылдық округі бойынша 3-75-07 сенім телефоны жұмыс жасайды. Жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктері округ ғимаратының алдына орналастырылды.

Округ бойынша жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін бекіту кезінде Қазақстан Республикасы Жер кодексі талаптарының бұзылуына, жеке меншікке берілген жерді заңсыз қайта бөлуге жол бермеу үнемі назарда ұсталып, бақылауға алынды.

Маусым айында мемлекеттік қызметкерлер, «Нұр Отан» партия ұйымы мен округке қарасты мекеме басшылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын түсіндіру және насихаттау жұмыстары жүргізіліп, мәжіліс өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекеттік органның, мемлекеттік қызметшілердің, тұтастай қоғамның басты міндеті екендігі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының қабылдануы құқықтық тәртіптің нығаюына үлкен жол бастайтындығы жөнінде айтылды.

20 тамызда Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы бойынша семинар-кеңес өтті. Семинарда округ әкімі Қ.Ихсанов мемлекет басшысының бес институционалды реформасын жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» Ұлттық жоспармен таныстырды. Кездесу соңында қатысушыларға қоғамымызда жемқорлық қалай еніп, оның қандай зиян тигізетінін бейнелейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетілді.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту және қарсы тұру бойынша көзқарасты қалыптастыру мақсатында байланыс бөлімшелері арқылы жадынамалар таратылды.

Жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен түсімдерді толық түсуін қадағалау жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді.

Теңіз ауылдық округінің әкімі Қ.Ихсанов


Мақаланың шыққан күні:: 22.11.2016 11:00
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 22.11.2016 11:00