Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.06.2017

Қызметтер

Құрманғазы аудандық білім бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда 2015 жылы атқарылған жұмыстар хабарламасы

Құрманғазы аудандық білім бөлімі өзінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған аудан іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» аудан әкімінің №354 қаулысын іске асыру бойынша аудандық іс шара жоспарын басшылыққа алып жұмыстанды.

Құрманғазы аудандық білім бөлімі бойынша «Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспары» жасақталып, бөлімінің 2014 жылдың «27» қараша күнгі №715 санды бұйрығымен бекітілді. Бөлімнің жоспары бойынша жемқорлықтың алдын алу мақсатын көздеген төмендегідей жұмыстар атқарылды:

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында үгіт-насихат жұмыстарын тұрақты әрі жүйелі жүргізілді мелекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілерге жұмысқа қабылданған күні мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта 2015 жылдың 12 қаңтар күні «Заңды білу мен заңды мойындау, ұстану- басты міндетің» атты ақпараттық-түсіндіру шарасы өткізілді. Онда «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңының тармақтары, мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексін және бөлімдегі мамандар мен әдіскерлер тарапынан қызметтік қарым-қатынас этика ережелері мен еңбек тәртібін сақтау, бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын қалай үйлестіру керектігі мен арыз-шағымдар мен өтініштерді уақытылы қарау мен орындау туралы арнайы түсініктер берілді.

Бөлімдегі және барлық білім беру мекемелеріндегі материалдық құндылықтарды өз деңгейінде сақтау мен бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізілуі үнемі бақыланып отыр. Салалардағы мекеме басшылары мен есепшілердің білім мекемелеріндегі материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақтау, бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізу мен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстырып отыру мақсатында олардың білімін жетілдіру, тәжірибелер алмасу мақсатында тұрақты білімін жетілдіру семинар-курстарын мен тексерулер ұйымдастыру қолға алынып, 2015 жылдың наурыз аыйнда құқық қорғау органдарының тексерістері қортындысымен аудандық прокуратура, білім бөлімі арасында бірлескен «Білім беру ұйымдарында оқушылардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жаппай сапасыз тамақтан улануын болдырмау» атты семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинардың мақсаты: аудаңның жалпы білім беретін мектеп оқушыларын сапалы және қауіпсіз ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жағдай жасау мен Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді таңдау қағидаларын бекіту туралы» №172 қаулының өзгерістерімен таныстыру. Семинарға аудан прокуроры Е.Хисметуллин, аудан тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы К.Утаров, аудан төтенше жағдайлар бөлімінің аға инспекторы Б.Қаусов, ауданның ыстық тамақпен қамтамасыз жасап отырған мектеп әкімшілігі, кәсіпкерлер, ата-аналар комитетінің өкілдері, аудандық «Серпер» газетінің тілшілері қатысты. Семинар барысында, «Аудан бойынша мектеп оқушыларына берілетін ыстық тамақтың ұйымдастырылуы» туралы хабарламаны аудандық білім бөлімінің басшысы М.Гилаев жасады. Сонымен бірге, «Білім беру ұйымдарында оқушылар арасында жаппай сапасыз тамақтан улануын болдырмау»- аудан прокуроры Е.Хисметуллин, «Білім беру мекемелерде өрт қауіпсіздігін сақталуы»- аудан төтенше жағдайлар бөлімінің аға инспекторы Б.Қаусов, аудан тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы К.Утаров сөз сөйлеп, баланың сапалы тамақпен, оның қауіпсіздігіне жауапкешілікпен қарап жұмыстану керек екенің айтты. Кейін аудан тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы Г.Сабирова «Білім беру ұйымдарында оқушылардың денсаулығының қауіпсіздігін сақтау», білім беру бөлімінің бас есепші Р.Абишева «2015 жылға «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді таңдау қағидаларын бекіту туралы» №172 қаулының өзгерістерімен таныстырды.

Салалардағы мекеме басшылары мен оқу ісі бойынша орынбасарларын білім мекемелеріндегі мемлекеттік қызметтер заңнамаларына сәйкес жүргізу мен өзгерістерімен таныстырып, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында басқосулар ұйымдастыру қолға алынып, 2015 жылдың жоспарына сай наурызда бөлімге қарасты мектептер басшылары мен оқу ісі бойынша орынбасарларына жиналыс өткізілді. Онда мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлімдегі мамандар мен әдіскерлер және барлық білім беру ұйымдарының басшылары мемлекеттік қызметтер көрсетудегі жауапкершіліктері мен халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алу мөмкіндігі туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыру туралы арнайы түсініктер беріліп, қатысушыларды хабардар етті. Ал, мектептерде мемлекеттік қызметтер көрсету түрлері бойынша ата-ана, мұғалімдер мен ауыл жұртшылығы қатысқан стандарттарын таныстырған арнайы жиналыстар өткізілді. Бөлімнен жүргізілетін мемлекеттік қызметтер уақытылы орындалуда.

Сонымен бірге, 2015 жылдың маусым айында білім мекемелеріндегі мекеме басшылары мен есепшілерне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» ереженің, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының және 21 шілде 2007 жылғы №303-ІІІ «Мемлекеттік сатып алу Заңына енгізілген өзгерістер туралы таныстырды. Крупская атындағы жалпы орта мектебінің қаржы шаруашылық жұмысына жан-жақты тексеру өткізілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2015 жылдың 10 қазан күнгі №4665 санды хатында айтылған мәселелерді орындау мақсатында бөлімде хатта көрсетілген нұсқаулықтар мен нормативтік құжаттармен таныстыру арқылы түсінік жұмыстарын жүргізу үшін, ауданның барлық білім беру ұйымдарының басшылары, орынбасарлары және есепшілерімен семинар-оқу 2015 жылдың 22 қазан күні өтті. Семинар-оқуда: Мемлекеттік сатып алу; Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының және қылмыстық, әкімшілік кодекстердің негізгі құқықтық нормалары; Арыздар мен шағымдарды қарау, тіркеу, қабылдау нормативтік құжаттарымен таныстыру мәселелері тақырыптары аясында түсіндірмелер болады және Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының 2015 жылдың 15 қыркүйектегі №04-10/1424 санды ұсыным хаты таныстырылды.

Сонымен бірге, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында 2015 жылдың 29 қазан күні мектеп директорларының орынбасарлары үшін мұғалімдерді аттестациядан өткізу нұсқаулығы бойынша түсінік беру жиналысы өткізілді.

Бұдан басқа, 2015 жылдың 11 желтоқсан күні аудандық білім бөлімі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Солтүстік аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі және аудандық прокуратурамен «Сыбайлас жемқорлық- індет, онымен күрес - баршаға міндет» тақырыбында білім беру саласы қызметкерлерімен аудандық бірлескен семинар-оқу өтіп, оған 27 мектептен 19 балабақшадан 88 білім саласы қызметкерлері қатысты. Семинар оқуға Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Асқар Елшат Асқарқызы, «Нұр Отан» партиясының Құрманғазы аудандық филиалының консультанты Қоңырова Гүлнара Ғұбайдоллақызы, Білім беру қызметкерлері кәсіподақтарының Құманғазы аудандық комитетінің төрағасы Изжанов Ауез Садулович, Жергілікті «Серпер» БАҚ өкілі Аудандық «Серпер» үнжариясының ІІ дәрежелі тілшісі Шакупова Айнагүл Күнұзаққызы, шақырылып қатыстырылды. Семинар өту барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Солтүстік аймағы бойынша ауданаралық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің консультанты Ренат Сәлімғалиұлы Сәлімгали сыбайлас жемқорлық заңнамаларын таныстырды.

Балабақшалардағы топтардағы бала санының нормативтік тәртібін сақталуы мен балабақшаға бала қабылдауды алдын ала жүйелі ұйымдастыру үрдісі жолға қойылды. Бөлімде балабақшаға қабылдау тек қана білім бөлімінің жолдамасымен және кезек сақталып жүзеге асырылуда.

Бөлімнің жоспары бойынша қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздеген төмендегідей жұмыстар атқарылды:

Сыбайлас жемқорлықтың көрініс беруін төмендету мен көрініс беруіне төзбеушілікке тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы орта білім беретін мектептерде, колледждерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес тақырыбында сынып сағаттар, тәрбиелік шаралар өткізудіі облыстық тәрбие тұжырымдамасы» басшылыққа алынуда. Аудандық деңгейде бөлімнің ұйымдастыруымен 2015 жылдың 19 қарашасы күні мектеп оқушылары арасында «Жастар жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбымен шығармалар байқауы өткізіліп қортындыланды. Оған он мектептен 10 оқушының жұмысы қатысты.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтарын болдырмау мақсатында бөлім тарапынан барлық мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа барша ұжым мүшелерін жұмылдырар және атқарылып жатырған жұмыстар туралы ақпараттық түсіндірме стенділер мен сенім жәшігін жасақтау тапсырылып, тамыз-қыркүйек айларында орындалды. Осы ақпараттық-түсіндірме стендте: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңынан шолу ақпараты; Осы Заңды жүзеге асыруға арналған бағдарламалар мен заңнамалар және т.б. тізімі мен қысқаша білім саласына қатысты бөліктерінен үзінді және т.б. білім ұйымдарындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жұмысын бейнелейтін осы тақырып аясында жүріп жатырған шаралардан көрсетілген фото суреттер; сенім телефоны номері мен сыбайластыққа жол бермеуге шақырған сақтандыру ұранды сөздер қамтылып, көрініс тапты. Білім беру ұйымдарының басшыларынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының жоспарына сай атқарылған шаралар туралы ақпарат мерзімді алынып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай мектептерде де ұжым арасында жоспарлы шаралар өткізілуде.

Мұғалімдердің, соның ішінде ауыл мұғалімдерінінің білімін жетілдіру бөлім тарапынан жіті қадағалауымен жүйелі түрде жүргізілуде. 2014 жылдың өзінде ауданның 33 мұғалімі «Назарбаев» зияткерлік мектебі тәжірибесінен 3 деңгейлік білім жетілдіру курсынан өтсе, «Өрлеу» білім жетілдіру курсынан 480 педагог және Республикалық білім жетілдіру курстарынан 5 мектеп директоры, 9 мектеп директорының орынбасарлары өтсе, 2015 жылдың өзінде ауданның 86 мұғалімі (І-деңгей-13, ІІ деңгей-3, ІІІ деңгей-70) «Назарбаев» зияткерлік мектебі тәжірибесінен 3 деңгейлік білім жетілдіру курсынан өтсе, «Өрлеу» білім жетілдіру курсынан 280 педагог және Республикалық білім жетілдіру курстарынан 3 мектеп директоры, 2 мектеп директорының орынбасарлары өтті.

Атырау облысы білім беру департаментінің 2014 жылғы 12 мамыр күнгі №158 бұйрығын басшылыққа алып, барлық білім беру ұйымдарында ақша жинауды болдырмау, мектеп бітіру мен мерекелерде мұғалімдерге сыйлыққа ата-аналардан, оқушылардан ақша жинауды болдырмау шаралары үнемі қатаң қадағалауға алынып отыр.

Бөлімде Атырау облысы әкімінің 2015 жылғы 03 маусымдағы №168 және 21 тамыздағы №258 қаулыларымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс- қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Атырау облысының іс шаралар жоспарының орындалысы туралы БАҚ-қа мақалалар беру мен жыл сайынғы есепті орналастырудың Құрманғазы аудандық білім бөлімі бойынша жоспары жасақталды. 2015 жылдың қыркүйек айында білім бөлімі басшысының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының жоспарына сай атқарылған шаралар туралы» есебі «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалында тыңдалды. Білім беру мекемелерінде білім беру мен тәрбие процесін қадағалауда Бастауыш партия ұйымы, ата-аналар комитеті, ардагерлер кеңесі арқылы қоғамдық бақылаулар күшейтілуде. 2015 жылдың 15 қазаны күні ауданның білім саласы ардагерлері алдында аудан әкімінің төрағалық етуімен мәжіліс өтіп, онда білім бөлімінің басшысы есеп берді.

Алға қарай да осындай шаралар жалғасын таба береді.

Бөлім басшысы М.Гилаев


Мақаланың шыққан күні:: 27.06.2016 15:08
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.06.2016 15:08