Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.03.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат Атырау облысы,Құрманғазы ауданы,МКҚК Дыңғызыл ауылдық мәдениет үйі

МКҚК Дыңғызыл ауылдық мәдениет үйі «Қазақстан Республикасы -«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Заңының 7-8- баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде , келесі ақпаратты ұсынады:

Мекеме бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін мәдениет үйі басшысының 2020 жылдың 16 қаңтардағы №6 бұйрығымен мәдениет үйінің әдіскері А.Ескалиева тағайындалды.

Мәдениет үйі өз қызметін 27.05.2019ж. бекітілген Жарғыға сәйкес атқарады.

Мекемеде 2019 жылғы штаттық бірлікпен бекітілген кестеге сәйкес 14 қызметкер жұмыс жасайды, оның төртеуі маусымдық қызметте еңбек етеді. Бос тұрған лауазым орны жоқ.Қызметкерлерден шағым түскен жоқ.

Дыңғызыл ауылдық мәдениет үйі өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.

-«Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы Конституция;

-«Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Қазақстан Республикасының Кодексі;

-Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №207 «Мәдениет туралы» Заңы;

-Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-l «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;

-«Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-lll Қазақстан Республикасының Заңы;

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Қазақстан Республикасының Заңы;

-100 нақты қадам-Ұлттық жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы;

-Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы;

-2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңдары;

-2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын басшылыққа аламыз.

Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталады.

Мекеме басшысының атына 2019 жылдың 2- жарты жылдығында ешбір арыз түскен жоқ. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік, ғимаратта көрнекі орынға орналастырылған, мекемеде 3-95-07 сенім телефоны орнатылған.

Мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлық –қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел, әртүрлі семинарлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұжым арасында «Адалдық сағаты», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес –бүгінгі күн талабы» атты шаралар өткізілді. Мекеменің ғимаратында « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл- әрбір азаматтың міндеті» , «Бүгін пара алсаң, ертең түрмеге қамаласың», «Әділдік, сенімділік,парасаттылық» атты жадынамалар ілінді.

Мекемеде ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдауды жүргізген: А.Ескалиева.


Мақаланың шыққан күні: 23.01.2020 10:30

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.01.2020 10:30

Қаралым саны: 77