Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.10.2017

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат «Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

«Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі, 30/8, тел.: 8 (71234) 2-11-36, 2-11-99;

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы;

-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;

-Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы;

 

-«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы №72-Ү Заңы;

-«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бүгінгі таңда 5 қызметкер жұмыс жасайды. Атап айтсақ, 1 басшы, 1 бас маман, 1 есепші,1 іс жүргізуші, 1 автокөлік жүргізушісі қызмет атқарады. Бөлім басшысы Тілепқалиева Жеміс Базарғалиқызы аудан әкімінің 2010 жылғы 01 қарашадағы №160-к өкімімен тағайындалды. Бөлімнің бас маманы Хасанова Алтын бөлім басшысының 2014 жылғы 25 қарашадағы №169 бұйрығымен тағайындалды.

Жергілікті басылымға бөлімнің қызметіне қатысты мақалалар жарияланып тұрады. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекті орынға орналастырылған, 2-11-36 сенім телефоны орнатылған.

24.04-28.04.2017ж. аралығында Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тексеріс жүргізіп, тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою мақсатында нақты шаралар алынды.

2017 жылдың 10 сәуір күні Мемлекеттік органдардың электрондық үкімет порталы арқылы келіп түскен өтінішті электрондық құжатайналым жүйесіне уақытында тіркеуге алынбағандығы үшін Атырау облысы әкімі аппараты аудан әкімінің атына жолдаған хатына сәйкес анықталған кемшіліктерді жою мақсатында нақты шаралар қабылданды


Мақаланың шыққан күні:: 10.07.2017 01:41
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.07.2017 01:41