Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.04.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес «Атырау облысы Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізді:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мекен-жайы: Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округі Құрманғазы ауылы С.Көшекбаев көшесі 25; Электронды пошта: kurstroy_otdel@mail.ru;

Телефон нөмірі.8/71233/20045, 21097, 21434.

«Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің персоналдық құрамы:

Сундетов Ж.А – бөлім басшысы

Азатов Э.Л. – бөлім басшысының орынбасары

Нұғыманов Р.Е. – бөлімнің бас маманы

Махмутов Е.Ж. – бөлімнің бас маманы

Өтепов А.М. – бөлімнің бас маман-есепшісі

Тыныштыкова К.Е. – бөлімнің бас маманы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 03.01.2019 ж.-28.06.2019 ж. қызметі қамтылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық бөлім басшысының 2019 жылғы 24 маусымдағы №96 бұйрығымен бөлімнің бас маманы К.Е.Тыныштыковаға жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімділігі: басталды 24-28 маусым 2019 жыл.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықтау мақсатында бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріне және құқықтық актілерге талдау жүргізілді.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы,

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 Еңбек кодексі,

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы,

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы,

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңы,

«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының Кодексі;

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480 «Құқықтық актілер туралы» Заңы негізінде жүзеге асырады.

 

Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылдың 21 қарашадағы №364 «Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесін «Құрманғазы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен «Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы» қаулысы негізінде бөлім қайта құрылды.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылдың 21 қарашадағы №361 қаулысы негізінде бөлімде штат саны – 7 бірлік, атап айтқанда: бөлім басшысы – 1 бірлік, бөлім басшысының орынбасары – 1 бірлік, бас маман – 4 бірлік, бас маман-есепші – 1 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына – 1 адам (бөлімнің бас маманы Акинов М.Ж.- мамыр айында) жіберілді. Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері арасында кадр қозғалысы (қызметтен босату, ауысу, қабылдау) бойынша бөлім басшысының ағымдағы жылдың 3 маусымдағы №87 бұйрығына сәйкес бөлімнің бас маманы –Акинов М.Ж. ағымдағы жылдың 3 маусымдағы өз еркімен жұмыстан босату жөніндегі өтініші негізінде жұмыстан босатылды.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Бөлімде Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2019 жылдың 6 мамырдағы №166 «Мемлекеттік сатып алудың кейбір мәселеллері туралы» қаулысы негізінде сәйкес мемлекеттік сатып алу жұмыстары атқарылып келеді. 2019 жылдың 6 айы бойынша бөлім арқылы жалпы саны – 13 мемлекеттік сатып алу конкурстары ұйымдастырылды. Оның ішінде, техникалық қадағалаушыны анықтау бойынша – 9, күрделі жөндеу бойынша – 4.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»

және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы №257 бұйрығына, Атырау облысы әкімдігің 2015 жылғы 10 шілдедегі №207 «Сәулет және қала құрлысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентерін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 17 наурыздағы №137 «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығына, Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі №138 қаулысына сәйкес бөлімде келісідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру»

- «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» (АПЗ, Сәулет жоспарлау тапсырмасы. Алдын ала тапсырма)

- «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру»;

- «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу».

2019 жылы (өсу есебімен – 6 айда) барлығы 742 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру»:-553 соның ішінде:

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы-553.

- жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы-болған жоқ.

2. «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»: - 101 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

- көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы-болған жоқ. - «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық

емес акционерлік қоғамы арқылы-болған жоқ. - www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы- 101.

3. «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру»: -болған жоқ

4. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу»: 88 сонын ішінде:

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы -88.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, қарау мерзімдерін бұзылған фактілер анықталған жоқ.

Бөлім аудан әкімдігінің дербес бөлімі болғандықтан азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер, әкімдік ғимаратының бірінші ғимаратында көрнекі орынға орналастырылған, бөлімде 2-14-34 сенім телефоны орнатылған. Бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандартары бөлімнің көрнекі жеріне ілініп қойылған.

Бақылау функцияларын іске асыру бойынша бөлім мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алу; инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу; коммуналдық шаруашылық дамыту; сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту; ауыл шаруашылығы обьектілерін дамыту; мәдениет объектілерін дамыту; денсаулық сақтау объектілерін дамыту; спорт объектілерін дамыту объектілерін дамыту бағдарламаларымен салынып жатқан құрылыс нысандарын бақылайды.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бағыты бойынша бөлім қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиелінісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақталмауы орын алған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметкерлердің этика ережесін бұзумен күрестің пәрменділігін арттыру мақсатында бөлімде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және сенім телефоны (8/71233/21434) бөлімнің көрнекі жерінде ілініп тұр.

Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы декларацияларын 2019 жылдың 31 наурызына дейін тапсырылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында, атап айтқанда «Серпер» Құрманғазы аудандық қоғамдық-саяси газетіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында есепті кезеңде 1 мақала жарияланды.

Бөлім бойынша прокурорлық қадағалау және сот актілері жоқ.

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агентігінің Атырау облысы бойынша департаменті республикалық мемлекеттік мекемесінің хатына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілдерінде жазылған жадынамалардың бөлімде көрнекті жерге ілініп қойылды.

Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар

анықталған жоқ. Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

«Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық туғызатын жағдайлар анықталған жоқ.

 

Бөлім басшысы Ж.Сундетов

Бөлімнің бас маманы К.Тыныштыкова


Мақаланың шыққан күні: 10.09.2019 10:06

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.09.2019 10:06

Қаралым саны: 260