Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.03.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес «Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізді:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

«Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мекен-жайы: Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкино ауылы Көшекбаев көшесі 25 үй; Электронды пошта: kurstroy_otdel@mail.ru;

Телефон нөмірі.8/71233/21097.

 

«Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің персоналдық құрамы:

Сундетов Ж.А – бөлім басшысы

Хасанов М.И. – бөлімнің бас маманы

Өтепов А.М. – бөлімнің бас маман-есепшісі

Тыныштыкова К.Е. – бөлімнің бас маманы.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 01.07.2017 ж.-31.12.2017 ж. айларының қызметі қамтылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық бөлімнің бас маманы К.Е.Тыныштыковаға жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімділігі: басталды 5-11 қаңтар 2018 жыл.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықтау мақсатында бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріне және құқықтық актілерге талдау жүргізілді.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы,

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 Еңбек кодексі,

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы,

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы,

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңы,

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480 «Құқықтық актілер туралы» Заңы,

Құрманғазы ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №453 «Құрманғазы аудан әкімдігінің 2006 жылғы 3 наурыздағы №33 «Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысымен бекітілген Ережесіне өзгерістер енгізу туралы» қаулысы, негізінде жүзеге асырады.

Бөлімде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Құрманғазы ауданы әкімінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №417 «Мемлекеттік сатып алудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес мемлекеттік сатып алу жұмыстары атқарылып келеді.

Құрманғазы ауданының әкімдігінің қаулысына сәйкес бөлімнің штат саны - 4 бірлік, атап айтқанда: бөлім басшысы – 1 бірлік, бас маман – 2 бірлік, бас маман-есепші – 1 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына – 3 адам (бөлім бас маманы Хасанов М.-шілде айында, бас маман-есепші Өтепов А.-тамыз айында, бас маман Тыныштыкова К.- қазан айында) жіберілді. Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері арасында кадр қозғалысы (қызметтен босату, ауысу, қабылдау) болған жоқ. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Бөлім арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді және рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.

Бақылау функцияларын іске асыру бойынша бөлім коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салу; инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу; коммуналдық шаруашылық дамыту; сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту; ауыл шаруашылығы обьектілерін дамыту бағдарламаларымен салынып жатқан құрылыс нысандарын бақылайды.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бағыты бойынша бөлім қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиелінісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, бөлім

қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақталмауы орын алған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметкерлердің этика ережесін бұзумен күрестің пәрменділігін арттыру мақсатында бөлімде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және сенім телефоны (8/71233/21097) бөлімнің көрнекі жерінде ілініп тұр.

Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы декларацияларын 2018 жылдың 31 наурызына дейін тапсырылады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментінен келіп түскен Атырау облысы ішкі мемлекеттік аудит департаментінің «Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі» ММ-де жүргізілген аудит бойынша құжаттар негізінде бөлім басшысы Ж.Сундетовке қатысты қозғалған тәртіптік іс құжаттары қаралды.

Яғни, Ж.Сундетовтың тарапынан ҚазақстанРеспубликасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптары сақталмай, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы, 1-тармағының, 4-тармақшасындағы «шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуі»-делінген мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол берілген.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің шешіміне сәйкес:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №156 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, Астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестері туралы Ереженің 6-тармағы 7-тармақшасына, 27-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекетік қызмет істері» Заңының 45-бабы, 2-тармағының талабын ескере отырып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50-бабы, 1-тармағының, 4-тармақшасындағы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтың тәртіптік жаза қолдану мерзімі өтіп кетуіне байланысты «Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі» ММ-сі бөлімінің басшысы Ж.Сундетовке қатысты қозғалған тәртіптік іс тоқтатылды.

 

Бөлімде «Lotes Notes» бағдарламасының электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі және «Е-қызмет» жүйесі жұмыс жасамайды, орталық жүйеге қосылмаған. Бұл бөлімнің электронды құжатайналымының жұмысына қиындықтар туғызуда. Соған қарамастан, бөлім қызметкерлерінің мәліметтері «Е-қызмет» жүйесінде толық енгізілген. «Е-қызмет» жүйесін және «Lotes Notes» бағдарламасының ЭҚАБЖ күнделікті жұмыста қолдану, мәліметтерді толықтырып отыру, жаңарту және алға қарай да жұмыс істеу үшін бөлімді жүйеге қосу жөнінде жоғарғы органдарға хат жолданды.

Бөлімде 09.10.2017ж.–14.10.2017ж. жағдайымен бөлімге Атырау облысы ішкі мемлекеттік аудит департаменті тексеру жұмыстары жүргізді. Тексеріс нәтижесімен жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылық анықталды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар жоқ.

Бөлімге жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 2017 жылы жалпы саны – 1 өтініш түсті. 2017 жылдың 20 желтоқсанында №408-03 санды хатымен (Ішкі кіріс №ЗТ-Р-1. 21.12.2017ж.) «Экспериза PRO» ЖШС-нен ұсыным хаты түсіп, 2017 жылдың 28 желтоқсанында №08-07-01/739 санды хатпен жауап жолданып, өтініш қанағаттандырылды.

Бөлім бойынша прокурорлық қадағалау және сот актілері жоқ.

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агентігінің Атырау облысы бойынша департаменті республикалық мемлекеттік мекемесінің хатына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілдерінде жазылған жадынамалардың бөлімде көрнекті жерге ілініп қойылды.

Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ. Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

«Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық туғызатын жағдайлар анықталған жоқ.

 

Бөлім басшысы Ж.Сундетов

Бөлімнің бас маманы К.Тыныштыкова


Мақаланың шыққан күні: 14.01.2018 23:34

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.01.2018 23:34

Қаралым саны: 868